«Әділет органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарыннормативтік құқықтық актілерді шығаруды, қолдануды, мемлекеттік тіркеумен жариялауды реттейтін заңнаманы сақтау бойынша тексерулерді жүргізу
жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділетминистрінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 48 бұйрығына өзгерістер ментолықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің2005 жылғы 8 ақпандағы № 36 Бұйрығы
ҚР Әділет министрінің м. а. 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 6 бұйрығымен күші жойылды
«Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Әділет органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын нормативтік құқықтық актілерді шығаруды, қолдануды, мемлекеттік тіркеу мен жариялауды реттейтін заңнаманы сақтау бойынша тексерулерді жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 3 сәуірдегі № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 1813 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2002 жыл, № 19, 608-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспеде:
«13» деген сан «11» деген санмен ауыстырылсын;
«1999 жылғы 11 наурыздағы № 223» деген күн мен нөмір «2004 жылғы 28 қазандағы № 1120» деген күнмен және нөмірмен ауыстырылсын;
3-тармақта «Әділет Вице-Министрі Р.Ш. Шамсутдиновке» деген сөздер «жетекшілік ететін Әділет Вице-Министріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Әділет органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын нормативтік құқықтық актілерді шығаруды, қолдануды, мемлекеттік тіркеу мен жариялауды реттейтін заңнаманы сақтау бойынша тексерулерді жүргізу жөніндегі нұсқаулықта:
кіріспеде:
«1999 жылғы 11 наурыздағы № 223» деген күнмен нөмірін «2004 жылғы 28 қазандағы № 1120» деген күнмен және нөмірмен ауыстырылсын;