Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi
автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдауды лицензиялаудың
тәртiбi мен шарттары және бiлiктiлiк талаптары туралы
ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы
1996 жылғы 25 желтоқсан N 1621
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 ж. 21 қарашадағы N 1165 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" 1994 жылғы 21 қыркүйектегi Қазақстан Республикасының Заңына, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Заңына және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
ЕСКЕРТУ. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2001.08.21. N 1095
қаулысымен.
1. Берiлiп отырған Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдауды лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы ереже;
жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi автомобиль көлiгiмен халықаралық тасымалдаумен айналысатын субъектiлерге қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.
2. "Қазақстан Республикасында жолаушы мен жүктi тасымал жасауға байланысты коммерциялық-кәсiпкерлiк қызметтi лицензиялау жөнiндегi Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 2 сәуiрдегi N 251 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 10, 122-құжат) күшi жойылған деп танылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 25 желтоқсандағы
N 1621 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Реcпубликасында автомобиль көлiгiмен
жолаушылар мен жүктердi, қауiптi жүктердi тасымалдауды
лицензиялаудың тәртiбi мен шарттары туралы
ЕРЕЖЕ
ЕСКЕРТУ. Атауы мен мәтiнiне сөздер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1999.03.19.
N 277 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Мәтiнiнде сөздер өзгерді - ҚР Үкіметінiң 2001.08.21. N 1095
қаулысымен.