Введите номер документа
Прайс-листВидеоинструкция

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ)
Датапонедельник, 1 января 0001
Статус
Действующий
Дата последнего измененияпонедельник, 1 января 0001

Документ входит в комплект(ы):

Документы на государственном языке, Мастер, СтройМастер, Профессиональная правовая информация, Юрист-VIP

Монополияшы кәсіпорындардың қызмет көрсетулеріне бағалар мен

тарифтерді мемлекеттік реттеу жөніндегі қосымша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі

N 400 Қаулысы (ҚР Үкіметінің 25.04.01 ж. N 548 қаулысымен

енгізілген өзгерістерімен)



Осы редакция ҚР Үкіметінің 2003 жылғы 26 наурыздағы N 297 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Республиканың ішкі рыноктарындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688 конституциялық заң күші бар Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Рыноктарда үстем жағдайға ие және оны бағалар мен тарифтерді негізсіз көтеру үшін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің жылу қуатын өндіру және онымен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, кірме темір жолдарды пайдалану бойынша көрсететін қызметтеріне бағаны мемлекеттік реттеу енгізілсін.

ҚР Үкіметінің 25.04.01 ж. N 548 қаулысымен 2 тармақтын 3)-тармақшасы жаңа редакцияда

2. Былай деп белгіленсін:

1) Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) бағалары туралы ақпарат тұтынушыларға тек теңгемен берілуі тиіс;

2) Қазақстан Республикасының резиденттері арасында шарттар жасалғанда бағалар тек теңгемен белгіленеді;

3) есептеу аспаптары болмаған жағдайда газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау үшін төлемнің мөлшері жалпы үйдегі ортақ есептеу аспаптарымен жабдықталған тұрғын үйлердің осындай үлгілері (қабаты, ұзақтығы, қабырға материалы) бойынша қалыптасқан орташа жылдық тұтыну нормалары ескеріле отырып айқындалады;

4) электр қуаты мен газды Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден сатып алатын және өнімді қазақстандық өндірушілерден алудың балама мүмкіншілігі жоқ аймақтарды электр қуатымен және газбен үзбей жабдықтау мақсатында, тұтынушылар үшін газ бен электр қуаты тарифтерін өзгерту ай сайын, АҚШ долларының ай ішіндегі орташа биржалық бағамының серпінінен қарай, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігі белгілейтін тәртіппен жүзеге асырылына алады.

3. Осы қаулының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында белгіленген шектеулер табиғи монополияларды реттеу жөніндегі заңдарда және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда ұйымдардың қызмет көрсетулеріне белгіленген бағаларға қолданылмайды.

4. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекені қорғау жөніндегі агенттігі рыноктарда үстем жағдайға ие шаруашылық жүргізуші субъектілердің жылуды өндіру және онымен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, кірме темір жолдарды пайдалану бойынша көрсететін қызметтеріне бағаны мемлекеттік реттеудің енгізілуін қамтамасыз етсін.

5. Министрліктер, агенттіктер және өзге де орталық атқарушы органдар бұрын қабылдаған нормативтік актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін.

6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі

Добавить в список основных источников в Google

Редакция документа
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь

Уважаемый пользователь! Мы стремимся постоянно улучшать качество наших услуг. Пожалуйста, поделитесь своими предложениями — Ваше участие поможет нам стать ещё удобнее и эффективнее для Вас!