Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, ұлттық қауiпсiздiк
органдарының әскери қызметкерлерiне, Мемлекеттiк тергеу
комитетiнiң, iшкi iстер органдарының және Мемлекеттiк салық
комитетi салық қызметi органдарының салық полициясы қызметкерлерiнiң,
әскери және арнаулы атағы жоқ жекелеген санаттағы
адамдарының ақшалай үлесi (жалақысы) туралы Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 25 желтоқсандағы N 1620 Қаулысы
(ҚР Үкіметінің 1997.02.06. N 170 қаулысымен
енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2005 ж. 9 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнде тұратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары қызметкерлерiне еңбек ақы төлеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 29 қаңтардағы N 2843 Жарлығының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Мына мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларының схемасы бекiтiлсiн:
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң аппараты бойынша 1 қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi жүйесi бойынша 2-11-қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетi жүйесi бойынша 12-26-қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi жүйесi бойынша 27-45-қосымшаға сәйкес;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк салық комитетi салық қызметi органдарының салық полициясы бойынша 46-49-қосымшаға сәйкес;
ҚР Үкіметінің 1997.02.06. N 170 қаулысымен 2-тармақтың 1-абзацы күшiн жойған
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Мемлекеттiк тергеу комитетi және Iшкi iстер министрлiгi жүйелерiнiң медицина және оқу орындары қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларына үстеме ақы мен қосымша ақыны көбейту Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және Бiлiм министрлiгi жүйесiнде қолданылып жүрген ережелерге сәйкес белгiленедi.