Жеке тұлғаларға бағалы қағаздар рыногында жұмыстарды орындауға
рұқсат беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Бағалы
қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының кейбір нормативтік
құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы Қаулы Қазақстан
Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының
1999 жылғы 20 сәуiр N 30 қаулысы (ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының
29.05.03 ж. N 177 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2004.27.12. N 373 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) нормативтiк құқықтық актiлерiн Ұлттық комиссияның 1999 жылғы 23 ақпандағы N 26 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1999 жылғы 01 көкекте 721 нөмiрмен тiркелген Аттестациялық қағидаларға сәйкес келтiру мақсатында Ұлттық комиссия қаулы етеді:
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.05.03 ж. N 177 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді
1. Мынадай нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер енгізiлсiн:
1) Ұлттық комиссияның 1996 жылғы 29 қарашадағы N 141 қаулысымен бекiтiлген және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1997 жылғы 13 қаңтарда 243 нөмiрмен тiркелген Қазақстан Республикасындағы акциялар эмиссиясын тiркеу, жою және акциялар шығарылымдары мен орналастыру қорытындылары жөнiндегi есептi бекiту туралы ережеге:
4 тармақтың үшiншi бөлiгiне: