Жылжитын мүлік кепілдігін тіркеу Ережесін бекіту туралы Бұйрық
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі 1999 жылғы 22 ақпан
N 14
Осы редакция ҚР Әділет министрлігінің 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 361 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Жылжитын мүлік кепілдігін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:
Ұсынысты бекітуге:
1. Жылжитын мүлік кепілдігін тіркеу Ережесі
2. 1 түрді - "Қолхат"
3. 2 түрді - "Өтініш"
4. 3 түрді - "тіркеу үшін түскен құжаттарды есепке алу кітабы"
5. 4 түрді - "Жылжитын мүлік кепілдігінің тізімі"
6. 5 түрді - "Жылжитын мүлік кепілдігінің мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі"
Министр
Жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу туралы
Ереже
Осы ереже "Жылжитын мүлік кепілдігін тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дайындалған.
І. Жалпы ережелер
1. Ережені қолдану саласы
1. Осы Ережелер жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тәртібі мен жүргізу процедурасын белгілейді және заңдарға сәйкес жылжымалы мүлік кепілінің жеке түрлерін тіркеу жүктелген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу органдарымен Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолдануға жатады.
1-1. Осы Ережелер қызметі міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүлік кепілін тіркеуде, сондай-ақ заң актілеріне сәйкес басқа органдармен немесе өзге тәртіпте жылжымалы мүлік кепілінің жеке түрлерін тіркеу кезінде таралмайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды, 1-1 тармағымен толықтырылды - ҚР Әділет министрлігінің 1999 жылғы 24 тамыздағы N 66 бұйрығымен.
2.
2-бөлім алынып тасталынды - ҚР Әділет министрлігінің 1999 жылғы 24 тамыздағы N 66 бұйрығымен.