Бір жолғы талондарды беру ережелерін бекіту туралы Қазақстан
Респрубликасының Мемлекеттік кіріс министрінің 2001 жылғы
30 қазандағы N 1469 бұйрығы
(Мемлекеттік кіріс министрлігінің 2002 жылғы 9 сәуірдегі N 417
бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Қаржы министрі Салық комитетінің 23.01.03 ж. N 182 бұйрығымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi) сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiлген Бiр жолғы талондарды беру Ережелерi (бұдан әрi Ережелер) бекiтiлсiн.
2. Өндiрiстiк емес төлемдер департаментi (Ю. Тiлеумұратов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiссiн;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Өндiрiстiк емес төлемдер департаментiне (Ю. Тiлеумұратов) жүктелсiн.
4. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркеу күнiнен бастап күшiне енедi және 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
|
|
|
|
бекітілген
Бір жолғы талондарды беру ережелері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) (бұдан әрi - Салық кодексi) 369 және 373-баптарын iске асыру мақсатында әзiрленген, бiр жолғы талондарды беру тәртiбiн айқындайды және бiр жолғы талондардың нысанын бекiтедi.