2004 жылғы астықты мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2004 ж. 9 наурыздағы N 290 қаулысы
(ҚР Үкіметінің 12.07.04 ж. N 755 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2004 ж. 2 желтоқсандағы N 1251 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Бұрынғы редакцияларды қара
Республиканың азық-түлiктiк қауiпсiздiгiн, жұмылдыру мұқтаждығын қамтамасыз ету, стратегиялық маңызы бар астық рыногын жедел реттеу мақсатында және "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
ҚР Үкіметінің 12.07.04 ж. N 755 қаулысымен 1-тармақ өзгерді (бұр. ред. қара)
1. 2004 жылғы егiннiң бидай астығын және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттiк астық ресурстарына мемлекеттiк сатып алу көлемi республикалық бюджет қаражаты есебiнен 6208382000 (алты миллиард екi жүз сегiз миллион үш жүз сексен екi мың) теңге сомасына 479751 (төрт жүз жетпiс тоғыз мың жетi жүз елу бip) тоннаға дейiнгi көлемде белгiленсiн, бұл ретте:
ҚР Үкіметінің 12.07.04 ж. N 755 қаулысымен 1-тармақша өзгерді (бұр. ред. қара)
1) 2004 жылғы 25 шiлдеге дейiнгi мерзiмде көктемгi-жазғы қаржыландыру арқылы:
есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн қосылған құн салығын қоса алғанда 13320 (он үш мың үш жүз жиырма) теңге баға бойынша 2841600000 (екi миллиард сегiз жүз қырық бiр миллион алты жүз мың) теңге сомасына және қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушілер үшiн қосылған құн салығын есептемей франко-элеватор шартымен 213334 (екi жүз он үш мың үш жүз отыз төрт) тоннаға дейiнгi көлемде азық-түлiктiк жұмсақ бидай астығы;