ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2004 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 625 бұйрығымен бекітілген
Грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар,
қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн
салығын бюджеттен қайтару туралы өтінішті жасау ережелері
(322.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Грант қаражаты есебінен сатып алынатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша төленген қосылған құн салығын бюджеттен қайтару туралы өтінішті (бұдан әрі - Өтініш) жасау тәртібін айқындайды.
2. Өтінішті жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта-Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.
3. Өтінішті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге, тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде Өтініштің тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Өтінішке Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.
6. Өтінішті қағаз тасығышта келу тәртібінде екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық органына қайтарылады.
2. Өтініш-322.00-нысанын жасау
7. «Жалпы ақпарат» бөлімінде келесі деректер көрсетіледі:
1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
2) Өтініштің жасалған күні;