Темір жол көлігімен жүк тасымалдау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 23 қарашадағы № 429-І Бұйрығы
(2008.23.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2011 жылғы 6 тамыздағы № 496 бұйрығымен күші жойылды
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2008.23.12. № 554 Бұйрығымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Темір жол көлiгi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2008.23.12. № 554 Бұйрығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қоса берiлiп отырған Темір жол көлігімен жүк тасымалдау ережесi бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлігінiң Темір жол көлiгi комитетi (Н.Т.Байдәулетов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігіне мемлекеттік тiркеу үшiн ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi Ю.И. Лавриненкоға жүктелсiн.
4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникациялар министрінің
2004 жылғы 23 қарашада № 429-І
бұйрығымен бекітілген
ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2008.23.12. № 554 Бұйрығымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Темір жол көлігімен жүк тасымалдау
ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Тасымалдарды жоспарлау
3-тарау. Тасымалдау жоспарының орындалуын Есепке алу карточкасын жасау
4-тарау. Жүктерді тасымалдауға қабылдау
5-тарау. Жүктерді беру
6-тарау. Вагондар мен контейнерлерді пломбылау
Үшін бекіту-пломбылау құрылғыларын қолдану
7-тарау.жүк қағазын және тасымалдау Құжаттарын ресімдеу
8-тарау. Жаппай тиелетін жүктерді бір жүк қағазымен
Маршруттық және топтама вагондармен тасымалдау
9-тарау. Құндылығы жарияланған жүктерді тасымалдау
10-тарау. Тасымалдар бойынша Есеп айырысу тәртібі
11-тарау. Вагондарды беруге-алуға шарттар жасасу