«Табиғи монополия саласына жатқызылған телекоммуникациялар қызметтерінің тарифтеріне уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 24 маусымдағы № 282-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 11 наурыздағы № 76-НҚ Бұйрығы
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2009.30.11. № 377-НҚ бұйрығымен күші жойылды
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 5) тармақшасына, 15-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Табиғи монополия саласына жатқызылған телекоммуникациялар қызметтерінің тарифтеріне уақытша төмендету коэффициенттерін белгілеу және алып тастау ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2983 нөмірмен тіркелген, «Ресми газетте» 2004 жылғы 18 қыркүйекте № 38 (195) нөмірмен жарияланған) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігі төрағасының міндетін атқарушының 2004 жылғы 24 маусымдағы № 282-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Телекоммуникациялардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің тарифтеріне уақытша төмендету коэффициенттерін бекіту ережесі туралы»;
кіріспеде және бұдан әрі мәтін бойынша:
«Табиғи монополия саласына жатқызылған» деген сөздер алынып тасталсын;
«тарифтеріне» деген сөздің алдынан «телекоммуникациялардың реттеліп көрсетілетін қызметтерінің» деген сөздермен толықтырылсын;
«ұсыну» деген сөз «бекіту» деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақтағы «белгілеу және алып тастау» деген сөздер «бекіту» деген сөзбен ауыстырылсын;