«Авиациялық отынды әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 19 тамыздағы № 850 Қаулысы

(2006.06.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы № 171 Қаулысымен күші жойылды

 

Ел экономикасының мұқтаждары үшiн авиациялық отынның қажеттi қорын жасау мақсатында және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 5 сәуірдегі Кеден кодексiнiң 8-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

ҚР Үкіметінің 2005.31.12. № 1332 (бұр.ред.қара); 2006.06.02. № 70 қаулыларымен 1-тармақ өзгертілді

1. Осы қаулының қолданысқа енгiзiлген сәтiнен бастап 2006 жылғы 28 ақпан кезеңiнде осы қаулы қолданысқа енгiзiлгенге дейiн мерзiмдiк декларациялау рәсiмi бойынша бұрын ресiмделген, сондай-ақ арнайы кедендiк режимге орналастырылатын:

реактивтi отынды (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 19 210 0);

өзгелерiн (ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды 2710 19 250 0) қоспағанда, авиациялық отынды Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге тыйым салынсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Кедендiк бақылау комитетi осы қаулының 1-тармағын орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі белгiленген тәртiппен Еуразия экономикалық қоғамдастығының Интеграциялық комитетiн Қазақстан Республикасы осы қаулының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағынан авиациялық отынды әкетуге тыйым салуды енгiзгендiгi туралы хабардар етсiн.

5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi

Д. Ахметов