«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 1306 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 887 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарына қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде:
"Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" деген бөлім мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
| «Технологиялық | Автомобиль жолдарында жол-құрылыс, жөндеу және пайдалану жұмыстарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру | Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің облыстық басқармалары: |
|
| Ақмола | 3 | ||
| Ақтөбе | 2 | ||
| Алматы | 3 | ||
| Атырау | 2 | ||
| Шығыс Қазақстан | 3 | ||
| Жамбыл | 2 | ||
| Батыс Қазақстан | 2 | ||
| Қарағанды | 3 | ||
| Қызылорда | 2 | ||
| Қостанай | 2 | ||
| Маңғыстау | 2 | ||
| Павлодар | 2 | ||
| Солтүстік Қазақстан | 2 | ||
| Оңтүстік Қазақстан | 2 »; |
2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарының тиесілілік табелінде:
мынадай мазмұндағы "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі" деген бөліммен толықтырылсын:
| «Арнайы | Автомобиль жолдарын салу, жөндеу және ұстау кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу | Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер: |
|
| Ақмолажолзертханасы | 1 | ||
| Ақтөбежолзертханасы | 1 | ||
| Алматыжолзертханасы | 1 | ||
| Атыраужолзертханасы | 1 | ||
| Батысжолзертханасы | 1 | ||
| Жамбылжолзертханасы | 1 | ||
| Шығысжолзертханасы | 1 | ||
| Қарағандыжолзертханасы | 1 | ||
| Қызылордажолзертханасы | 1 | ||
| Қостанайжолзертханасы | 1 | ||
| Маңғыстаужолзертханасы | 1 | ||
| Павлодаржолзертханасы | 1 | ||
| Солтүстікжолзертханасы | 1 | ||
| Оңтүстікжолзертханасы | 1 ». |
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |