Жоба
Қазақстан Республикасының
Заңы
Мақта саласын дамыту туралы
ҚР Үкіметінің 2006 ж. 13 мамырдағы № 388 Қаулысымен ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді
Осы Заң Қазақстан Республикасында мақта саласын дамытудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру негіздерін айқындайды және мақтаны өндіру, қайта өңдеу, сақтау және сату процесінде туындайтын қатынастарды реттейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) мақта шаруашылығы - өсімдік шаруашылығының мақта өндіру жөніндегі саласы;
2) мақта - шитті мақта, мақта талшығы, мақта тұқымы;
3) шитті мақта - тұқымынан бөлінбеген талшық;
4) мақта талшығы - шитті мақтаны бастапқы қайта өңдеу нәтижесінде алынатын негізгі өнім;
5) мақта талшығының бумасы - мемлекеттік стандарттарды, стандарттау бойынша нормалар мен басқа да нормативтік құжаттарды сақтай отырып шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу нәтижесінде алынған, мақта талшығын ерекше әдіспен нығыздаған белгілі көлемі;
6) мақта тұқымы - шитті мақтаны бастапқы қайта өңдеу нәтижесінде алынған және тұқымдық, азықтық, техникалық мақсатта пайдаланылатын мақта жемісі;
7) мақтаны қайта өңдеу ұйымы - меншік құқығында мақта тазалайтын зауыты бар, шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөнінде қызмет көрсететін заңды тұлға;
8) мақта тазалайтын зауыт - шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеуге арналған арнайы мамандандырылған техникалық ғимарат;
9) мақта қабылдау орыны - шитті мақтаны қабылдауға, сақтауға және босатуға арналған арнайы мамандандырылған техникалық ғимарат;
10) мақта иесі - мақтаны қайта өңдеу ұйымына шитті мақтаны сақтауға және (немесе) алғашқы қайта өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға өткізген тұлға;
11) сақтау шарты - шитті мақтаны сақтау шарты;
12) қайта өңдеу шарты - шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу бойынша қызмет көрсету шарты;
13) мақта қолхаты - шитті мақтаны сақтауға және (немесе) алғашқы қайта өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға қабылдап алғанын растайтын мақтаны қайта өңдеу ұйымы беретін қос қойма куәлігі;
14) мақта қолхатын ұстаушы - мақта иесі, мақта қолхатында индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат;
15) қойма куәлігін ұстаушы - кепілмен ауыртпалық алған мақта иесі, қойма куәлігінде индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат;
16) кепіл куәлігін ұстаушы - кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттемеде мақтаны кепілге ұстаушы болып табылатын тұлға;
17) шитті мақтаны сақтау - шитті мақтаны қабылдау, сақтау және босату жөніндегі технологиялық операциялар кешені;
18) шитті мақтаны мақта талшығына алғашқы қайта өңдеу - мақтаны қайта өңдеу ұйымдары жүзеге асыратын, шитті мақтаны қабылдау, тазалау және босату; мақта талшығын және мақта тұқымын қабылдау, сақтау және босату жөніндегі технологиялық операцияларды қоса алғандағы әрекет;
19) мақтаның сапасы - стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың, санитарлық және фитосанитариялық ережелердің, нормалардың және өзге де нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін айқындайтын мақтаның тұтыну қасиеттерінің жиынтығы;
20) шитті мақтаның сапасына сараптама жасау - көлік құралын (қойманы) зерттеуді, сынаманы іріктеп алу мен сынақтан өткізуді, шитті мақтаның сапасы туралы куәлікті ресімдеуді қамтитын шитті мақта сапасының нақты көрсеткіштерін анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешені;
21) мақта талшығының сапасына сараптама жасау - сынаманы іріктеп алу мен сынақтан өткізуді, мақта талшығының сапа сертификатын ресімдеуді қамтитын мақта талшығы сапасының нақты көрсеткіштерін анықтау мен растауға бағытталған шаралар кешені;
22) мақта рыногының мониторингі - мақта рыногына қатысушылар жүзеге асыратын мақтаны өндіруді, қайта өңдеуді, сақтауды және сатуды қоса алғанда, мақта рыногы мәліметтерін жинауға, өңдеуге және талдауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
23) шитті мақта өндірісі - шитті мақта өсіруге бағытталған агротехникалық іс-шаралар кешені;
24) мақтаның мамандандырылған ауыспалы егісі - жерді пайдалану аумағындағы бір ауыл шаруашылығы тауар өндірушідегі егістік жердің құрылымында мақтаның үлес салмағы жетпіс пайыздан аспайтын жағдайдағы, аурулар мен зиянкестердің жиналуына кедергі жасайтын, топырақ құнарын сақтау мен көтеруге, шитті мақтаның өнімділігін және сапасын арттыруға әсер ететін, мақтаның басқа ауыл шаруашылығы дақылдарымен ғылыми негізделген кезектесуі;
25) мақта рыногына қатысушылар - шитті мақтаны өндіруге, мақта талшығына алғашқы қайта өңдеуге және мақтаны сатуға қатысушы тұлғалар;
26) мақта саласы аясындағы уәкілетті орган - мақта шаруашылығы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
27) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қоры - мақтаны қайта өңдеу ұйымдарының өздері берген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында қызметін жүзеге асыратын заңды тұлға.
2-бап. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің, осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің нормаларынан тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шартта осы заңдағыдан өзгеше ережелер болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
2-тарау. Мақта рыногын мемлекеттік реттеудің
мақсаты мен нысандары
3-бап. Мақта рыногын мемлекеттік реттеудің мақсаты
Мақта рыногын мемлекеттік реттеудің мақсаты мақта саласының дамуы, ғылыми негізделген технологияларды, техникалық реттеуді енгізу және мақта шаруашылығын индустриализациялау, оны тоқыма және тамақ өнеркәсібімен интеграциялау негізінде мақтаның бәсекеге бейімділігін арттыру болып табылады.
4-бап. Мақта рыногын мемлекеттік реттеудің нысандары
Мақта рыногын мемлекеттік реттеу:
1) мақта шаруашылығын мемлекеттік қолдау;
2) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесін дамыту;
3) кластерлік даму принциптерін есепке ала отырып мақта шаруашылығының тоқыма және тамақ өнеркәсібімен интеграциялануын ынталандыру;
4) шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау және мақтаны қайта өңдеу ұйымдарының қызметін бақылау;
5) техникалық реттеу;
6) шитті мақтаның сапасына сараптама жасау жөнінде қызметтер көрсететін сынақтан өткізу зертханаларын тіркеу, сондай-ақ олармен шитті мақтаның сапасына сараптама жасауды жүргізу тәртібі талаптарын сақтауды бақылау;
7) мақта талшығының сапасына сараптама жасауды жүзеге асыратын сараптама жасау органын тіркеу, сондай-ақ олармен мақта талшығының сапасына сараптама жасауды жүргізу ережесін сақтауды бақылау;
8) мақта рыногының мониторингі;
9) мақта егілетін аймақтарда мақтаның мамандандырылған ауыспалы егістерін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері сақтауының мониторингі;
10) монополияға қарсы заңнама арқылы жүзеге асырылады.
5-бап. Мақта шаруашылығы мен мақта рыногын дамытуды мемлекеттік қолдау нысандары
Мақта өндірісінің тұрақтылығын, өнімнің сапасын арттыруды, мақта рыногының дамуын, сондай-ақ мақтаны өткізу рыногын кеңейтуді қамтамасыз ету мақсатында мынадай нысандарда мемлекеттік қолдау жүзеге асырылады:
1) мақта шаруашылығы саласында инвестициялық, салықтық, бюджеттік және кедендік ынталандырушы саясаттарды қалыптастыру және жүзеге асыру;
2) мемлекеттік бюджет есебінен мынадай іс-шараларды ұйымдастыру:
мақтаның мемлекеттік тұқым ресурстарын қалыптастыру;
мақтаның селекциясын және тұқым шаруашылығын дамыту жөніндегі ғылыми зерттеулер мен іс-шаралар жүргізу;
шитті мақта өндірудің ғылыми негізделген технологиясын енгізу;
шитті мақтаны өндіру кезінде егістік аудандардың құрылымын оңтайландыру және мақтаның мамандандырылған ауыспалы егісін енгізу;
мелиорациялық және жер суландыру жұмыстарын жүргізу;
мақта егілетін аймақтарда өсімдіктерді қорғау мен карантинге қаражат бөлу;
мақта өндіру және тоқыма өнеркәсібі салалары үшін мемлекеттік білім тапсырысына сәйкес мамандар дайындау;
3) мақта өндірушілер мен мақтаны қайта өңдеу ұйымдарына техника мен жабдықты лизингтік жеткізуді жүзеге асырушы арнайы мамандандырылған ұйымдарға қаражат бөлу;
4) шитті мақта өндірушілерге мақтаның мемлекеттік тұқым ресурстарынан тұқымдық несие беру;
5) мақта рыногына қатысушыларды ақпараттық қамтамасыз ету.
6-бап. Қазақстан Республикасы Yкіметінің құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мақта шаруашылығындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, мақта рыногының даму стратегиясын әзірлейді және іске асыруды қамтамасыз етеді;
2) шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарды; шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін, сонымен қатар шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілетін лицензия нысанын бекітеді;
3) сақтау бұқаралық шартының және қайта өңдеу бұқаралық шартының үлгі нысандарын бекітеді;
4) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының қызмет етуі және таратылуы ережесін мақтаны қайта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережесін; мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының кепілдік алуы ережесін; мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының міндеттерін жоюы тәртібін, сондай-ақ мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларында мемлекеттің қатысуы нысаны мен тәртібін бекітеді;
5) мақта талшығының сапасына сараптама жасауды және мақта талшығының сапасына сертификат беруді жүзеге асыратын сараптама жасау органын айқындайды;
6) мақта талшығының сапасына сараптама жасауды жүзеге асыратын сараптама жасау органына қойылатын біліктілік талаптарды; мақта талшығының сапасына сараптама жасау және мақта талшығының сапасына сертификат беру ережесін бекітеді;
7) мақта рыногы саласында халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастырады.
7-бап. Мақта саласы аясындағы уәкілетті органның құзыретi
Мақта саласы аясындағы уәкілетті органның құзыретіне:
1) мақта шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз ету;
2) мақтаның мемлекеттік тұқым ресурстарын қалыптастыру мен басқаруды және олардың сандық-сапалық жағдайына бақылауды жүзеге асырады;
3) мақта рыногы мониторингін жүргізу; мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу; мақтаны қайта өңдеу кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу; мақта қолхаттарын беру, айналысы, жою және өтеу, мақта қолхатының нысаны (үлгісі) мен сипаты; шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеудің технологиялық процесін ұйымдастыру; шитті мақта өндірушілерге мақтаның мемлекеттік тұқым ресурстарынан тұқымдық несие беру ережелерін әзірлеу және бекіту;
4) шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге; мақта талшығына сараптама жасауды жүзеге асыратын сараптама жасау органына қойылатын біліктілік талаптарды әзірлеу;
5) шитті мақтаның сапасына сараптама жасауды жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды, сондай-ақ техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша шитті мақтаның сапасы туралы куәлік нысанын (үлгісін) әзірлеу және бекіту;
6) техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті органның келісімі бойынша мақта талшығының сапа сертификатының нысандарын (үлгілерін) әзірлеу және бекіту;
7) мақта рыногының мониторингін жүргізу;
8) мақтаның сапасын бақылау;
9) мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа сертификатын беру жөніндегі сараптама жасау органының қызметін бақылау;
10) мақта рыногын реттеу және мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында мақта рыногына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) (беймәлімнен басқа) негізінде мақтаны қайта өңдеу ұйымдары қызметін заңнама талаптарын сақтауы нысанына инспекциялауды (тексеру) өзі және (немесе) сәйкес мемлекеттік органдарды тарту арқылы жүргізу;
11) Қазақстан Республикасының мақта саласын дамытуы туралы заңнамасының бұзылғандығы туралы жазбаша нұсқама беру;
12) мақтаны қайта өңдеу ұйымына уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылдау; шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияны қайтарып алу туралы; мақтаны қайта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот органдарына талап өтініш беруге бастама жасау;
13) шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның күшін тоқтата тұру уақытында, сондай-ақ осы Заңның 33-бабының 2-тармағында көрсетілгендей негіз болған жағдайда мақтаны босатуға тыйым салу;
14) мақта рыногын техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу немесе техникалық реттеу саласындағы нормативті құқықтық актілерге өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды ақтуалдандыру және бірегейлендіру туралы Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен ұсыныстар дайындау және енгізу;
15) мақтаның мемлекеттік стандарттарын, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарын және сапасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
16) мақта саласы аясындағы уәкілетті органның мемлекеттік инспекторы туралы ережені әзірлеу және бекіту;
17) шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын сақтау мәселесі бойынша есеп беру мерзімдерін, есеп жүргізу құжаттарының тізбесі мен нысандарын белгілеу кіреді.
8-бап. Жергілікті атқарушы органның құзыретi
Жергілікті атқарушы органның құзыретіне:
1) шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау;
2) мақта саласы аясындағы уәкілетті орган бекіткен мақта рыногы мониторингін жүргізу ережесіне сәйкес мақта рыногы мониторингін жүргізуге қатысу;
3) мақта егілетін аймақтарда мақтаның мамандандырылған ауыспалы егістерін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері сақтауының мониторингі;
4) шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асырушы мақтаны қайта өңдеу ұйымдарын бақылау, оның ішінде:
мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында, белгіленген тәртіппен бекітілген шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесіне сәйкес, мақтаны қайта өңдеу ұйымдарын біліктілік талаптарына сәйкестігі нысанына лицензиялаудан кейінгі жыл сайынғы бекітілген кестелер негізінде зерттеу;
белгіленген тәртіппен бекітілген шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесіне сәйкес мақтаны қайта өңдеу ұйымдарының зерттеу актілерін ресімдеу;
5) мақтаны қайта өңдеу ұйымына уақытша басқаруды енгізу туралы мақта саласы аясындағы уәкілетті органға ұсыныс енгізу; мақтаны қайта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот органдарына талап өтініш беруге бастама жасау туралы мақта саласы аясындағы уәкілетті органға ұсыныс енгізу;
6) мақтаның сапасы жөніндегі мемлекеттік стандарттарды, нормативтік құжаттарды, мақта рыногы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
7) шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілетін лицензияның күшін толығымен немесе осы Заңның 31-бабымен белгіленген негіздер бойынша жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде тоқтата тұру, сондай-ақ шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияны кері қайтарып алуға бастама жасау кіреді.
3-тарау. Мақтаның сапасын бақылау
9-бап. Мақтаның сапасын бақылау
1. Мақтаның сапасын бақылауды мақта саласы аясындағы уәкілетті орган жүзеге асырады және мақтаның сапасына қойылатын талаптарды айқындайтын мемлекеттік стандарттарды және басқа да нормативтік құжаттарды сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Мақтаның сапасын бақылауға:
1) мақта рыногына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) (беймәлімнен басқа) негізінде мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында мақтаны сақтауға және қайта өңдеуге қабылдау және босату кезінде мақтаның сапа көрсеткіштерін айқындауды бақылау;
2) мақта рыногына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) (беймәлімнен басқа) негізінде мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында сақтаудағы және қайта өңдеудегі мақтаның сандық және сапалық жағдайын бақылау;
3) санитарлық және фитосанитариялық бақылау жатады.
10-бап. Шитті мақтаның сапасына сараптама жасау
1. Шитті мақтаның сапасына сараптама жасауды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген сынақтан өткізу зертханалары жүзеге асырады.
2. Кез-келген мақта рыногына қатысушы келісім негізінде шитті мақтаның сапасына сараптама жасауды жүргізу үшін тіркелген сынақтан өткізу зертханасына жолығуға құқылы.
3. Мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында шитті мақтаның сапасына сараптама жасау және шитті мақтаның сапасы туралы куәлік беру тәртібін, сонымен қатар техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі талаптарын сақтау нысанына, кесте негізінде жыл сайын, сонымен қатар мақта рыногына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) (беймәлімнен басқа) негізінде, шитті мақтаның сапасына сараптама жасау жөніндегі тіркелген сынақтан өткізу зертханалардың қызметін бақылауды техникалық реттеу және метрология саласындағы уәкілетті орган мақта саласы аясындағы уәкілетті органмен бірге жүзеге асырады.
11-бап. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау
1. Мақта талшығының сапасына сараптама жасау міндетті болып табылады және мақта талшығы бумасының әрбірі бойынша (бума бойынша) жүзеге асырылады. Мақта талшығы сапасының сертификатынсыз, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін өзге де құжаттарсыз мақта талшығын сатуға жол берілмейді.
2. Мақта талшығының сынамасын сынақтан өткізуді және сапасына сертификат беруді Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған сараптама жасау органы жүзеге асырады.
Сынаманы іріктеп алуды және сараптама жасау органының сынақтан өткізу зертханасына сынаманы жеткізуді мақтаны қайта өңдеу ұйымы жүзеге асырады.
3. Мақта талшығы сапасын объективті тәуелсіз бағалауды және мақта талшығының нақты сапасы туралы шынайы ақпаратқа мүдделі тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында мақта саласы аясындағы уәкілетті орган, мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапасына сертификат беру жөніндегі сараптама жасау органының қызметіне тоқсан сайын, сонымен қатар халықаралық сертификаттау жүйесінде тіркелген ұйымдарды мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тарту арқылы мақта талшығының сапасына сараптама жасауды жүргізу және мақта талшығының сапасына сертификат беру ережесін сақтау нысанына бақылауды жүзеге асырады.
4-тарау. Мақтаны қайта өңдеу ұйымдарының
қызметіне қойылатын талаптар
12-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымының мақсаты
1. Мақтаны қайта өңдеу ұйымы жалпы қолданыстағы тауар қоймасы деп танылады.
2. Сақтау шарты және қайта өңдеу шарты бұқаралық шарттар болып табылады.
3. Шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі мақтаны қайта өңдеу ұйымдары атқаратын қызмет шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілетін лицензия негізінде жүзеге асырылады.
4. Шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілетін лицензиясы жоқ тұлғаның:
1) шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметтерді атқаруға;
2) өз атауында, құжаттарында, хабарландырулар мен жарнамаларда шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруды білдіретін "мақтаны қайта өңдеу ұйымы", "мақта тазалау зауыты", "мақта қабылдау орыны" деген немесе одан туындайтын сөздерді пайдалануға құқығы жоқ.
5. Мақтаны қайта өңдеу ұйымында:
1) мақта тазалау зауытында:
біреуден кем емес мақта қабылдау орыны;
шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі технологиялық операцияларды жүзеге асыруға арналған жабдық;
таразы жабдығы;
ауа алмастыру жабдығы;
тиеу-түсіру техникасы (жабдығы);
мақтаның сапасын айқындауға арналған өндірістік-технологиялық зертхана;
мақтаны сақтау үшін арнайы бөлінген орын;
2) мақта тазалау зауыты тұрған орыннан басқа жерде орналасқан мақта қабылдау орнында:
шитті мақтаны жинауға және сақтауға арналған ашық (жабық) алаңқай;
таразы жабдығы;
ауа алмастыру жабдығы;
шитті мақтаның сынамасын іріктеп алуға және сынауға арналған зертханалық жабдық;
тиеу-түсіру техникасы (жабдығы) болуы керек.
Мақта тазалау зауытының, сондай-ақ мақта тазалау зауыты тұрған орыннан басқа жерде орналасқан мақта қабылдау орынының аумағы қоршалған болуы тиіс.
13-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымының міндеттерi
Мақтаны қайта өңдеу ұйымы:
1) мақтаны сақтау шарттарын сақтауға және стандарттау жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес шитті мақтаны мақта талшығына сапалы бастапқы қайта өңдеуді қамтамасыз етуге;
2) сақтауға және (немесе) қайта өңдеуге қабылданған мақтаның сандық және сапалық сақталуын берілген мақта қолхаттарына сәйкес қамтамасыз етуге;
3) көрсетілген қызметтер үшін қарызы жоқ болған жағдайда шарттың жағдайына сәйкес мақта қол хатын ұстаушының талабы бойынша мақта қолхатының орнына сақтаудағы мақтаны босатуға;
4) қажет болған жағдайда иесінің талабы бойынша мақтаның сапасын тексеру үшін мақта сынамасын алуды қамтамасыз етуге;
5) сақтау шартында және (немесе) қайта өңдеу шартында көзделген мақтаның иелері алдындағы міндеттемелерін орындауға міндетті.
14-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымының қызметтерін төлеу
Мақтаны қайта өңдеу ұйымының қызметтерін төлеу сақтау шартына және (немесе) қайта өңдеу шартына сәйкес ақшалай немесе мақта иесінің мақта қолхатында индоссамент жасай отырып тиісті мақта мөлшерін мақтаны қайта өңдеу ұйымына беру арқылы жүргізіледі.
15-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымының қызметін шектеу
1. Мақтаны қайта өңдеу ұйымдарына мыналарды:
1) тоқыма өнімдерін өндіру мен сату;
2) мақта терминалы, ал сәйкес лицензиясы болған жағдайда - кеден қоймасы ретінде қызмет көрсетуді қоспағанда, шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеуге қатысы жоқ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ кепілдіктер беруге және үшінші тұлғаның міндеттемелері бойынша өзінің мүлігін кепілдікке қоюға тыйым салынады.
Мақтаны қайта өңдеу ұйымдары мақтаны сақтау және шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеуге байланыссыз қызметі бойынша операциялардың бөлек есебін жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті.
2. Оларсыз шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру толығымен мүмкін болмайтындықтан немесе айтарлықтай нашарлайтындықтан мақтаны қайта өңдеу ұйымдарына негізгі құралдарын шеттетуге тыйым салынады.
3. Мақтаны қайта өңдеу ұйымдары сақтауға және (немесе) қайта өңдеуге тапсырылған мақтаға иелік етуге құқығы жоқ.
16-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымының есебі және есеп беруi
1. Мақтаны қайта өңдеу ұйымы мақтамен жасаған операцияларын көрсететін құжаттардың қатаң есебін және сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
2. Есеп құжаттарының тізбесі мен нысандарын, шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметке, мақта рыногының мониторингін жүргізуге қойылатын талаптарды сақтау жөніндегі есеп беру мерзімдерін мақта саласы аясындағы уәкілетті орган белгілейді.
3. Сақталуға тиісті құжаттардың тізбесі, оларды сақтау мерзімдері мақтаны сандық-сапалық есептеуді жүргізу ережесімен белгіленеді.
4. Мақтаны қайта өңдеу ұйымы мақта саласы аясындағы уәкілетті органның жазбаша сұранысы бойынша мақта рыногын жүргізу үшін қажетті, өзінің қызметіне байланысты ақпаратты беруге міндетті.
17-бап. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету жүйесi
1. Мақтаны қайта өңдеу ұйымы өзінің мақта қолхаттарын ұстаушылардың алдындағы міндеттемелерін мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу арқылы орындауды қамтамасыз етуге міндетті.
2. Мақтаны қайта өңдеу ұйымының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорымен жасалатын қатысу шарты негізінде құрылады.
3. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорлары өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша субсидиярлық жауапкершілік көтереді.
4. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының қызмет етуі және таратылуы ережесін; мақтаны қайта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысуы ережесін; мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының кепілдік алуы ережесін; мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларының міндеттерін жоюы ережесін, сондай-ақ мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларында мемлекеттің қатысуы нысаны мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
18-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымының аудитi
1. Мақтаны қайта өңдеу ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылдық қаржылай есеп беруге аудит жүргізуге міндетті.
2. Егер мақтаны қайта өңдеу ұйымы аудит жүргізуден жалтаратын болса, аудит кез келген мүдделі тұлғаның талабы бойынша сот шешімімен тағайындала алады.
3. Мақтаны қайта өңдеу ұйымының ішкі аудит қызметімен жүргізілген аудит оны аудит жүргізу міндетінен босатпайды.
19-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымының мүлкін иеліктен шығару ерекшеліктерi
1. Мақта тазалау зауыты тұрған орыннан басқа жерде орналасқан мақта қабылдау орынын иеліктен айыру (сатып алу) жағдайын қоспағанда мақта тазалау зауыты бөлінбейтін мүлік болып табылады және бөлінбейтін мүлік ретінде иеліктен айырылады (сатып алынады).
2. Мақта тазалау зауытын немесе мақта тазалау зауыты тұрған орыннан басқа жерде орналасқан мақта қабылдау орынын сатудан бұрын екі айдан кешіктірмей мақтаны қайта өңдеу ұйымы өзіне белгілі мақта қолхатын ұстаушыларды мүліктік кешенді иеліктен айыру туралы жазбаша хабарландыруы, сондай-ақ ол жөнінде республикалық мерзімді баспасөз басылымдарына мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландыру беруі тиіс.
3. Мақта қолхатын ұстаушылардың және өзге де мүдделі тұлғалардың талабы бойынша сот осы баптың 1-2-тармақтарын бұза отырып жасалған мақта тазалау зауытын немесе мақта тазалау зауыты тұрған орыннан басқа жерде орналасқан мақта қабылдау орынын сату жөніндегі мақтаны қайта өңдеу ұйымы мәмілелерінің күші жоқ деп тани алады.
4. Мақта тазалау зауытының (мақта тазалау зауыты тұрған орыннан басқа жерде орналасқан мақта қабылдау орынының) бұрынғы иесімен берілген мақта қолхаттарынан туындайтын міндеттемелерді орындау мүлік кешенін алу-беру жөніндегі комиссия жасаған және мақта саласы аясындағы уәкілетті органның мемлекеттік инспекторы бекіткен мақта қалдықтарын түгендеу актісімен белгіленген мөлшерде мақта тазалау зауытын (мақта тазалау зауыты тұрған орыннан басқа жерде орналасқан мақта қабылдау орынын) сатып алушыға немесе мұндай мүлікті соттың (төрелік соттың) шешімін орындау ретінде алған тұлғаға жүктеледі.
Мақта қалдықтарын түгендеу актісі жасалмаған жағдайда мақтаны қайта өңдеу ұйымымен - мүліктің бұрынғы иесімен берілген барлық мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау:
1) мақта тазалау зауытын иеліктен айыру кезінде - осы мақта тазалау зауытының жаңа иесіне жүктеледі;
2) мақта тазалау зауыты тұрған орыннан басқа жерде орналасқан мақта қабылдау орынын иеліктен айырған кезде - осы мақта қабылдау орынының бұрынғы меншік иесімен жүзеге асырылады.
5. Мақта тазалау зауытын және (немесе) мақта тазалау зауыты тұрған орыннан басқа жерде орналасқан мақта қабылдау орынының жаңа иесі қалған мақталарды түгендеу актісі бойынша қабылданған мақтаны сақтауды және қайта өңдеуді алдыңғы иесі мен мақта иесінің арасында бұрын жасалған қайта өңдеу Шарты негізінде, ол шарттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін жүзеге асырады.
6. Рынокта басымды жағдайға ие рынок субъектісі болып табылатын мақтаны қайта өңдеу ұйымының мүлігін иелігінен айыруды, сондай-ақ рынокта басымды жағдайға ие тұлға мақтаны қайта өңдеу ұйымының мүлігін сатып алуды монополияға қарсы заңнама талаптарын ескере отырып жүзеге асырады.
5-тарау. Мақта қолхаты
20-бап. Мақта қолхаты
1. Мақтаны қайта өңдеу ұйымы мақта қолхатын мақтаны қабылдап алғанын растау үшін сақтау шарты және (немесе) қайта өңдеу шарты негізінде береді.
2. Мақта қолхаты қажет болған жағдайда бір-бірінен бөлінуі мүмкін екі бөліктен - қойма куәлігінен және кепіл куәлігінен тұрады. Мақта қолхаты және оның бөліктерінің әрқайсысы эмиссиялық емес ордерлік бағалы қағаз болып табылады.
3. Мақта қолхатының әрбір бөлігі мынадай міндетті деректемелерді бірдей қамтуға тиіс:
1) лицензиар беретін мақтаны қайта өңдеу ұйымының коды;
2) мақта қолхаттарының тізілімі бойынша мақта қолхатының ағымдағы нөмірі;
3) мақта қолхаты бланкісінің сериясы және нөмірі;
4) мақтаны қабылдап алған мақтаны қайта өңдеу ұйымының атауы, тұрған жері және салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
5) мақта иесінің атауы: заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты және қалауы бойынша әкесінің аты; мақта иесінің тұрған жері: заңды тұлғаның тұрған жері немесе жеке тұлғаның тұрған жері; заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нөмірі немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі; мақта иесінің салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
6) тұқымның сұрыптық және себу сапасын куәландыратын құжаттың деректемелері;
7) мақтаның сапалық және сандық көрсеткіштері;
8) мақта сақтаудағы тұрған мақта тазалау зауытының және (немесе) мақта қабылдау орынының орналасқан жері;
9) шитті мақтаны сақтау және (немесе) қайта өңдеу мерзімі; мақтаның тұқымын және мақта талшығын сақтау мерзімі;
10) сақтау шартының және (немесе) қайта өңдеу шартының деректемелері (нөмірі және жасалған күні);
11) мақтаны қайта өңдеу ұйымының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорына қатысуы туралы белгі;
12) мақта қолхатын берген күн;
13) уәкілетті тұлғаның қолы және мақтаны қайта өңдеу ұйымының мөрі.
4. Кепіл куәлігін қойма куәлігінен бөлу кезінде қойма куәлігінде мынадай ақпарат бар белгі жасалады:
1) жеке тұлғаға қатысты - индоссаттың аты-жөні, тілегі бойынша әкесінің аты және тұрғылықты жері; заңды тұлғаға қатысты - индоссаттың атауы және тұрған жері;
2) сыйақы төлембәсін қоса алғанда кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің мәні, мөлшері, міндеттемені орындау мерзімі;
3) индоссаттың қолы;
4) кепіл куәлігінің бөлінген кyні.
5. Кепіл куәлігін қойма куәлігінен ажыратқан кезде кепіл куәлігінде мынадай ақпарат бар белгі жасалады:
1) жеке тұлғаға қатысты - индоссанттың аты-жөні және тілегі бойынша әкесінің аты және тұрғылықты жері; заңды тұлғаға қатысты - индоссанттың атауы және тұрған жері;
2) сыйақы төлембәсін қоса алғанда кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің мәні, мөлшері, міндеттемені орындау мерзімі;
3) индоссанттың қолы;
4) кепіл куәлігінің бөлінген күні.
6. Осы баптың талаптарына сай келмейтін құжат мақта қолхаты болып есептелмейді.
7. Мақтаны қайта өңдеу ұйымдары мақта саласы аясындағы уәкілетті органға мақта қолхаттарына қол қоюға уәкілеттігі бар тұлғалардың аты-жөндері және әкелерінің аттары жазылған карточканы, олардың қолтаңбаларының үлгілерін, сондай-ақ мақта қолхатына қойылатын мөрдің бедер-таңбасының үлгісін тапсыруға міндетті.
8. Мақта қолхатындағы қойылған қолдардың, мөр бедер-таңбасының мақта саласы аясындағы уәкілетті органға берген карточкада көрсетілген қойылған қолдар мен мөр бедерінің үлгісіне сәйкес келмеуі сол мақта қолхатын жарамсыз деп тануға негіздеме болып табылады.
21-бап. Мақта қолхатын беру тәртібi
1. Мақта қолхаты сапасы бойынша біртектес әрбір мақта партиясына беріледі. Тапсырылған мақтаның барлық көлеміне берілетін мақта қолхаттарының санын мақтаның иесі оған берілген өтінім бойынша айқындайды.
Мақтаны қайта өңдеу ұйымы мақта қолхатын мақта партиясы қалыптасқаннан кейін өтініш берген сәттен бастап үш күнтізбелік күннен кешіктірмей береді.
2. Мақта қолхаттары мақтаның иесіне мақта қолхаттарының тізіліміне тіркеліп және оның қолы қойылып беріледі, оны мақтаны қайта өңдеу ұйымы хронологиялық тәртіппен жүргізіп отырады.
3. Жаңа мақта қолхаттары мақта қолхаттарын ұстаушылардың талабы бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) мақта қолхатында индоссамент жасау үшін бос орын болмағанда;
2) мақта қолхаты табиғи тозғанда;
3) мақта қолхатын айырбастағанда;
4) мақта қолхаты жоғалған жағдайларда беріледі.
22-бап. Мақта қолхаты және оның бөліктері бойынша құқықтарды беру
1. Мақта қолхаты және оның бөліктері бойынша құқықтар оларда беру жазбаларын - индоссамент жүргізу арқылы беріледі.
2. Бөлінбеген мақта қолхаты бойынша құқықтар беру тек қойма куәлігінде ғана индоссамент жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
3. Кепіл куәлігін қойма куәлігінен бөлу мақта кепілге қойылғанда осы Заңның 20-бабының 4 және 5-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
23-бап. Мақта қолхатын және оның бөліктерін ұстаушылардың құқықтары
1. Мақта қолхатын ұстаушы мақтаны қайта өңдеу ұйымының мақта тазалау зауытында (мақта қабылдау орынында) сақтаулы мақтаға, мақта қолхатында көрсетілген көлемде иелік етуге құқығы бар.
2. Кепіл туралы ақпарат бар қойма куәлігін ұстаушы мақта қолхатында көрсетілген мақтаға иелік етуге құқылы, бірақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кепіл куәлігі бойынша қарызын өтегенге дейін мақтаны беруді талап етуге құқығы жоқ.
3. Кепіл куәлігін ұстаушы:
1) қойма куәлігін кепіл куәлігінен бөлген қойма куәлігін ұстаушыдан кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттеменің орындалуын талап етуге;
2) кепіл куәлігін және ол бойынша құқықтарды үшінші тұлғаларға беруге;
3) кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттеме орындалмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепіл затына талап қоюға құқылы.
24-бап. Мақтаны босату
1. Мақтаны босату мақта қолхатын ұстаушының талабы бойынша өтеуге жататын қойма және кепіл куәліктерінің түпнұсқасына айырбастау арқылы жүзеге асырылады.
Осы Заңның 26-бабына сәйкес сатылған мақтаны босату оны сатып алушының талабы бойынша сату нәтижелері туралы құжатқа айырбастау арқылы жүзеге асырылады.
2. Мақта қолхатын ұстаушы мақтаны бөліктер бойынша босатуды талап етуге құқылы. Бұл ретте оған бастапқы мақта қолхатының орынына мақтаның қалған көлеміне жаңа мақта қолхаты беріледі.
3. Мақтаны талап ету үшін мақта қолхатын ұстаушы өзі келуі немесе уәкілетті өкілін жіберуі тиіс.
4. Кепіл туралы мәліметтер бар қойма куәлігін ұстаушының талабы бойынша мақтаны босату мақта саласы аясындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
25-бап. Кепіл куәлігі бойынша құқықтарды жүзеге асыру тәртібi
1. Кепілмен куәландырылған міндеттеме орындалмаған немесе дұрыс орындалмаған жағдайда ғана кепіл куәлігінде көрсетілген мақтаны кепіл куәлігін ұстаушы өндіріп алуға құқылы.
2. Кепіл куәлігімен қамтамасыз етілген міндеттемелер мерзімінен бұрын орындалған жағдайда, кепіл куәлігін ұстаушы кепілдің жойылғаны туралы белгі қойып кепіл куәлігін белгілі қойма куәлігін ұстаушыға немесе мақтаны қайта өңдеу ұйымына өтеу үшін қайтарып беруге міндетті.
3. Егер өтеп алу сәтіне қойма куәлігін ұстаушы мақтаны талап етсе, мақтаны қайта өңдеу ұйымы кепіл куәлігін ұстаушыға кепіл куәлігінде көрсетілген міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжатты ұсынады.
Кепіл куәлігінде көрсетілген міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуді растайтын құжат бойынша талаптарды қанағаттандырғаннан кейін кепіл куәлігін ұстаушы кепіл куәлігін кепілдің жойылғаны туралы белгі қойып өтеу үшін қайтарып береді.
26-бап. Кепілге қойылған мақтаны сату
1. Кепіл куәлігінде куәландырылған міндеттемелер орындалмаған жағдайда кепілге қойылған мақтаны сатуды кепіл куәлігін ұстаушының сенімді тұлғасы жүзеге асырады.
Кепіл куәлігін ұстаушының сенім білдірген тұлғасы кепіл куәлігімен куәландырылған міндеттемелердің орындалмағаны туралы кепіл берушіге жазбаша түрде хабарлайды, сонымен бір мезгілде бұқаралық ақпарат құралдарында сауда-саттықтың өткізілетін уақыты, орыны, сауда-саттық нысанасы, оны өткізу тәртібі, сауда-саттыққа қатысуды ресімдеу туралы және кепілдікке салынған мақтаның бастапқы бағасы туралы мәліметтерді қоса алғанда, сауда-саттық өткізу туралы хабарлама жариялайды.
Сауда-саттық ол туралы бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланған күннен бастап он төрт күннен кейін өткізіледі.
2. Мақтаны сатудан түскен сома мынадай кезекпен бөлінеді:
1) бірінші кезекте сауда-саттықты өткізуге және ұйымдастыруға байланысты шығындар жабылады;
2) екінші кезекте мақтаны қайта өңдеу ұйымына шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметі үшін сыйақы төленеді;
3) үшінші кезекте кепіл куәлігін ұстаушының талаптары қанағаттандырылады;
4) төртінші кезекте қойма куәлігін ұстаушыға қойма куәлігінің түпнұсқасының орынына мақтаны сатқаннан қалған сома қайтарылып береді.
3. Әр кезектің талаптары алдыңғы кезектің талаптары толығымен қанағаттандырылғаннан кейін қанағаттандырылады.
27-бап. Мақта қолхатын немесе оның бөліктерін жоғалту
1. Мақта қолхатын немесе оның бөліктерін (қойма немесе кепіл куәлігін) жоғалтқан жағдайда мақта қолхатын немесе тиісті куәлікті жоғалтқан тұлға жедел түрде ол туралы мақтаны қайта өңдеу ұйымына жазбаша түрде хабарлауы тиіс.
2. Жоғалған мақта қолхаты немесе оның бөліктері: қойма немесе кепіл куәлігі бойынша құқықтарды қайта қалпына келтіруді сот жүргізеді.
6-тарау. Мақтаны қайта өңдеу ұйымдарының
қызметін мемлекеттік бақылау
28-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымдарының қызметін инспекциялау (тексеру)
1. Мақта рыногына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) (беймәлімнен басқа) негізінде мақта рыногын реттеу және мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында мақтаны қайта өңдеу ұйымдары қызметін заңнама талаптарын сақтауына инспекциялауды (тексеру) мақта саласы аясындағы уәкілетті орган өзі және (немесе) сәйкес мемлекеттік органдарды тарту арқылы жүргізеді.
2. Мақтаны қайта өңдеу ұйымы мақта саласы аясындағы уәкілетті органға инспекциялау (тексеру) жөніндегі тапсырмада көрсетілген мәселелер бойынша тексеруге көмек көрсетуге, мақта тазалау зауытының және мақта қабылдау орындарының аумағындағы барлық өндірістік объектілерге, сондай-ақ тексеруді жүргізуге қажетті барлық ақпарат көздеріне қол жетерлікті қамтамасыз етуге міндетті.
3. Мақтаны қайта өңдеу ұйымының қызметін инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асыратын тұлғалар мақтаны қайта өңдеу ұйымын инспекциялау (тексеру) барысында алынған коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтерді жария еткені үшін жауапкершілік көтереді.
29-бап. Мақта саласы аясындағы уәкілетті органның мемлекеттік инспекторы және оның өкілеттіктерi
1. Өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде мақта саласы аясындағы уәкілетті органның мемлекеттік инспекторы:
1) мақта рыногына қатысушылардың ресми өтініштері (шағымдары) (беймәлімнен басқа) негізінде мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында, мақтаны қайта өңдеу ұйымының мақта тазалау - зауытына (мақта қабылдау орынына) мақтаны қабылдау және босату кезіндегі мақтаның сапа көрсеткіштерін айқындаудың дұрыстығы, сондай-ақ сақтаудағы және қайта өңдеудегі мақтаның сандық және сапалық жағдайын анықтау нысанына мақта сапасына бақылауды жүзеге асыруға;
2) өндіріс, шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу, шитті мақтаны сақтау объектілеріне еш кедергісіз (қызмет куәлігін көрсеткен жағдайда) кіруге, сондай-ақ мемлекеттік бақылауды және мақта рыногы мониторингін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты алуға;
3) шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілетін лицензияның күшін тоқтата тұру және (немесе) кейін қайтару туралы жергілікті атқарушы органға ұсыныстар енгізуге құқылы.
2. Мақта саласы аясындағы уәкілетті органның басшысы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін мемлекеттік қызметкерлердің тиісті лауазымына "Мақта саласы аясындағы уәкілетті органның мемлекеттік инспекторы" қосымша арнайы біліктілігін беруге құқылы.
30-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымдарына ықпал ету шаралары
1. Мақтаны қайта өңдеу ұйымының қызметінде тәртіп бұзушылықтар анықталған жағдайда мақта саласы аясындағы уәкілетті орган мақтаны қайта өңдеу ұйымына мынадай ықпал ету шараларын қолдануға құқылы:
1) Қазақстан Республикасының мақта туралы заңнамасын бұзғаны туралы жазбаша өкімдер беру;
2) осы Заңның 32-бабымен көзделген негіздер бойынша шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілетін лицензияны кері қайтарып алу туралы сот органдарына талап өтініш беруді бастамалау;
3) осы Заңның 33-бабымен көзделген негіздер бойынша мақтаны қайта өңдеу ұйымына уақытша басқару енгізу.
31-бап. Шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілетін лицензияның күшін тоқтата тұру негіздерi
1. Шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілетін лицензияның күшін толығымен немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру:
1) лицензиат біліктілік талаптарын бұзғаны үшін;
2) мақта қолхатынан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны үшін;
3) құжатпен расталған жағдайда мақта қолхаттарын ұстаушылардың арыздары бойынша мақтаның саны мен сапасы көрсеткіштерін жүйелі түрде (күнтізбелік алты ай қатар ішінде екі және одан көп рет) бұрмалағаны туралы фактілер табылғаны үшін;
4) мақтаны қайта өңдеу ұйымдарына шек қойылған қызметті жүзеге асырғаны үшін;
5) осы Заңда көзделген жыл сайын аудит жүргізу туралы, мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету туралы талаптарды орындамағаны үшін;
6) мақта саласының дамуы туралы заңнаманы бұзғаны туралы уәкілетті органның жазбаша өкімінің талаптарын орындамағаны үшін;
7) лицензия алған кезде лицензиат әдейі жалған ақпарат бергені үшін жүргізіледі.
2. Лицензиат лицензияның күшін тоқтата тұру туралы шешімге сот тәртібімен шағым беруге құқылы. Сот лицензияның күшін тоқтата тұру заңды деп шешкен жағдайда оны тоқтата тұру мерзімі лицензиар сондай шешім қабылдаған күннен бастап саналады.
3. Лицензияның күшін тоқтата тұру себептері жойылғаннан кейін лицензия қайтадан күшіне енеді.
32-бап. Шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілетін лицензияны кері қайтарып алу негіздерi
Шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілетін лицензия сот тәртібімен:
1) шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды лицензият орындамаған жағдайларда;
2) лицензиатқа сол қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар қызметпен айналысуына сот тыйым салған жағдайларда;
3) лицензияның күшін тоқтата тұру себептерін лицензиат жоймаған жағдайларда;
4) шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензия алу кезінде лицензият жалған ақпарат берген жағдайларда;
5) егер мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқару оның мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындау қабілетінің қайта қалпына келуіне әкеліп соқтырмаған жағдайларда кері қайтарып алынады.
7-тарау. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқару
33-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқару
1. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқару мақтаны қайта өңдеу ұйымының мақта қолхаттары бойынша өзінің міндеттемелерін орындау қабілетін қайта қалпына келтіруге бағытталған әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастыру-техникалық және басқа да іс-шаралар мен рәсімдер кешенін мәжбүрлеп жүргізуді білдіреді.
2. Уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылдау үшін мына негіздердің ең болмағанда біреуі болса жеткілікті:
1) шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі міндеттемелердің жүйелі түрде (күнтізбелік алты ай қатар ішінде екі және одан көп рет) дұрыс орындалмауы;
2) мақта қолхаттарымен қамтамасыз етілген мақта көлемінің сақтаудағы мақтаның нақты көлемінен артық болуы;
3. Мақтаны қайта өңдеу ұйымына қатысты сырттай бақылау процедурасы енгізілген жағдайларда уақытша басқару енгізілмейді.
4. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқару уақыты 6 айдан аспайды.
5. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды уақытша басқару жөніндегі комиссия мен уақытша әкімшілік жүзеге асырады.
6. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқару мақтаны қайта өңдеу ұйымының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
7. Уақытша басқару кезінде заңсыз әрекеттерімен мақтаны қайта өңдеу ұйымына келтірілген шығын үшін уақытша басқару жөніндегі комиссияның мүшелері, уақытша әкімшілік мүшелері Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
34-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымына уақытша басқаруды енгізу
Мақтаны қайта өңдеу ұйымына уақытша басқаруды енгізу туралы шешімді мақта саласы аясындағы уәкілетті орган жергілікті атқарушы органның ұсынысы бойынша қабылдайды және оның ұсынысында:
1) уақытша басқаруды енгізу үшін негіздің бар екендігі туралы қорытынды;
2) уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар болуы тиіс.
2. Мақтаны қайта өңдеу ұйымына уақытша басқаруды енгізу туралы шешім мақта саласы аясындағы уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді және онда:
1) уақытша басқару режимі енгізілетін мақтаны қайта өңдеу ұйымының атауы және тұрған жері;
2) уақытша басқаруды енгізу үшін негіздеме;
3) уақытша басқару әрекетінің басталуы және мерзімі;
4) мақтаны босатуды тоқтата тұруды қоса алғандағы мақтаны қайта өңдеу ұйымының қызметін шектеу тізбесі;
5) уақытша басқару жөніндегі комиссияның дербес құрамы;
6) уақытша басқару режимі енгізілетін мақтаны қайта өңдеу ұйымының басшыларына өз жұмысы туралы есеп дайындау мен сол құжаттарды уақытша әкімшілікке беру туралы және осы мақтаны қайта өңдеу ұйымы берген мақта қолхаттарын белгілі ұстаушыларға уақытша басқару енгізілетіні туралы міндетті түрде хабар беру туралы жазбаша өкім болуы тиіс.
3. Уақытша басқаруды енгізу туралы шешімге мүдделі тұлғалар сот тәртібімен шағым беруі мүмкін. Бұл шешімге шағым беру оның әрекетін тоқтатпайды.
4. Уақытша басқаруды енгізу туралы шешімді мақтаны қайта өңдеу ұйымының қаражаты есебінен мақта саласы аясындағы уәкілетті орган республикалық мерзімді баспасөз басылымдарында үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік және орыс тілдерінде жариялайды. Мақтаны қайта өңдеу ұйымына уақытша басқаруды енгізу туралы шешімді жариялаумен қатар мақта саласы аясындағы уәкілетті орган осы мақтаны қайта өңдеу ұйымы берген мақта қолхаттарын ұстаушылардың, уақытша әкімшілік құрамына өкілдер сайлау мақсатында мақта қолхаттарын ұстаушылар жиналысына қатысу құқығы туралы хабарлама жариялайды.
35-бап. Уақытша басқару жөніндегі комиссия
1. Уақытша басқару жөніндегі комиссия мақта саласы аясындағы уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшесінің және жергілікті атқарушы органның өкілдерінен тұрады. Уақытша басқару жөніндегі комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауы және үшеуден кем болмауы тиіс.
2. Уақытша басқару жөніндегі комиссияның құзыретіне:
1) уақытша әкімшіліктің құрамын бекіту;
2) уақытша әкімшіліктің қызметі нәтижелері туралы есебін бекіту;
3) уақытша әкімшіліктің қызметін бақылау;
4) уақытша әкімшіліктің міндеттерін оның құрамын бекіткенге дейін осы Заңның 36-бабына сәйкес жүзеге асыру жатады.
3. Уақытша басқаруды енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей уақытша комиссия мақтаны қайта өңдеу ұйымына қызмет көрсететін банктің мекен-жайына осы мақтаны қайта өңдеу ұйымының шоты бойынша шығыс операцияларының тоқтатылғаны туралы жазбаша ескертпе жібереді.
4. Уақытша басқару жөніндегі комиссияның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады және уақытша әкімшілікке орындау үшін міндетті болып табылады.
5. Уақытша басқару жөніндегі комиссия:
1) уақытша әкімшілікке мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқару кезіндегі қызметінің негізгі бағыттары туралы ұсыныстар беруге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уақытша әкімшіліктен өзінің қызметі және мақтаны қайта өңдеу ұйымының қызметі туралы ақпарат беруін талап етуге;
3) мақта саласы аясындағы уәкілетті органға мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды мерзімінен бұрын тоқтату немесе мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқару мерзімін ұзарту туралы ұсыныстар енгізуге құқылы.
36-бап. Уақытша әкімшілік
1. Уақытша әкімшілік осы мақтаны қайта өңдеу ұйымы берген мақта қолхаттарын ұстаушылардың, мақта саласы аясындағы уәкілетті органның, мақтаны қайта өңдеу ұйымының, мақтаны қайта өңдеу ұйымы қатысушы болып табылатын мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорының өкілдерінен құралады.
2. Мақта саласы аясындағы уәкілетті органның мақтаны қайта өңдеу ұйымына уақытша басқаруды енгізу туралы шешімі жарияланған сәттен бастап үш күн ішінде уақытша басқару жөніндегі комиссия уақытша әкімшіліктің құрамына өкілдер сайлау үшін мақта қолхаттарын ұстаушылардың жиналысын ұйымдастырады. Бұл ретте уақытша әкімшіліктің құрамына сайлануына осы мақтаны қайта өңдеу ұйымының мақта тазалау зауытында (мақта қабылдау орынында) сақтаулы мақтаның ең көп мөлшері бар мақта қолхатын ұстаушылардың басым құқығы бар.
3. Мақта қолхаттарын ұстаушылардан және (немесе) мақтаны қайта өңдеу ұйымынан уақытша әкімшілік құрамына кандидатуралар ұсынылмаған жағдайда уақытша басқару жөніндегі комиссия өз еркімен уақытша әкімшілік құрамын құруға құқылы.
4. Шешім қабылдау кезінде уақытша әкімшілік мүшелерінің дауыстары былайша бөлінеді:
1) мақта қолхаттарын ұстаушылар - жиырма бес пайыз;
2) мақтаны қайта өңдеу ұйымы - жиырма бес пайыз;
3) мақта саласы аясындағы уәкілетті орган - жиырма бес пайыз;
4) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры - жиырма бес пайыз.
5. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқарудың күші кезеңінде:
1) мақтаны қайта өңдеу ұйымын басқару жөніндегі барлық өкілеттіктер уақытша әкімшілікке өтеді;
2) осы мақтаны қайта өңдеу ұйымының құрылтайшыларының (акционерлерінің, қатысушыларының) оны басқару жөніндегі құқықтары, сондай-ақ осы мақтаны қайта өңдеу ұйымының басқару органдарының өкілеттіктері тоқтатылады;
3) мақтаны қайта өңдеу ұйымының атынан және есебінен жасалған барлық мәмілелер уақытша әкімшіліктің жазбаша рұқсатынсыз жарамсыз деп танылады.
6. Уақытша әкімшілік бірінші кезектегі тәртіппен:
1) мақтаны қайта өңдеу ұйымының қаржылық жағдайына мына бағыттар бойынша талдаулар жүргізуге: капиталының барабарлығы, активтерді талдау, шығыстар мен кірістерді талдау;
2) мақтаны қайта өңдеу ұйымының мүлігін және оның міндеттемелерін түгендеуді, сондай-ақ осы мақтаны қайта өңдеу ұйымының мақта тазалау зауытында (мақта қабылдау орынында) сақтаулы мақтаны түгендеуді жүргізуге;
3) мақтаны қайта өңдеу ұйымының мақта қолхаттарын ұстаушылардың алдындағы қарызын қоса алғандағы кредиторлық қарыздың құрылымын анықтауға;
4) сотқа талаптарды әзірлеу мен көрсетуді қоса алғанда, кешіктірілген дебиторлық қарызды өтеу жөнінде шаралар қолдануға;
5) мақтаны қайта өңдеу ұйымының оңтайлы басқару құрылымын және штаттық санын айқындауға;
6) мақта қолхаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғалардың тектері, аттары, әкелерінің аттары бар карточканы, олардың қолдарының үлгілерін мақта саласы аясындағы уәкілетті органға беруге;
7) банкте банкілік операцияларды жүзеге асыру үшін құжаттарға қол қою құқығы бар лауазымды тұлғалардың қолдарының үлгілері бар жаңа карточканы қызмет көрсетуші банкке беруге (бұл ретте уақытша әкімшілік тағайындалғанға дейін берілген карточка жойылуға жатады);
8) уақытша басқару жөніндегі комиссияға мақтаны қайта өңдеу ұйымының нақты жағдайы туралы ақпарат беруге және осы мақтаны қайта өңдеу ұйымның шаруашылық қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстар енгізуге міндетті.
7. Уақытша әкімшілік:
1) тиісті актілерді қабылдаумен қоса алғанда, мақтаны қайта өңдеу ұйымы қызметінің барлық мәселелері бойынша осы Заңмен айқындалған құзырет шегінде өз бетімен шешім қабылдауға;
3) уақытша басқару кезеңінде мақта қолхаттарынан туындайтын барлық талаптарды оларда көрсетілген мақта көлемінің елу пайызына дейінгі мөлшерде тоқтата тұруға;
3) мақтаны қайта өңдеу ұйымының қабылданған мақта көлемі бойынша міндеттемелерін қайта қалпына келтіруге бағытталған шарттар жасауға және құжаттарға қол қоюға;
4) мақтаны қайта өңдеу ұйымының атынан және мүддесінде, оның ішінде сотта да өкілдікті жүзеге асыруға;
5) мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорына мақта қолхаттарын ұстаушылардың атынан осы мақтаны қайта өңдеу ұйымы берген мақта қолхаттарынан туындайтын міндеттемелер бойынша қарыздарды өтеу туралы талаптар қоюға;
6) мақтаны қайта өңдеу ұйымының қаржы-шаруашылық қызметін бағалау үшін тәуелсіз сарапшыларды тартуға құқылы.
8. Мақтаны қайта өңдеу ұйымы берген мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындау қабілетін қайта қалпына келтіру және пайда табу мақсатында уақытша әкімшілік осы Заңның 15-бабының талаптарын ескере отырып мақтаны қайта өңдеу ұйымының негізгі құралдарға жатпайтын мүлігін сату немесе үшінші тұлғаларға өтеусіз қолдануға беру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Уақытша әкімшіліктің мүлікті иеліктен айыру туралы шешімі уақытша басқару жөніндегі комиссияның жазбаша келісімі бойынша қабылданады.
9. Уақытша әкімшіліктің шешімі бойынша мақтаны қайта өңдеу ұйымының мүлігін сату саудалар (тендер, аукцион) жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
Тендер жүргізу жағдайында мынадай талаптар ескерілу қажет:
1) уақытша әкімшілік міндетті түрде республикалық мерзімді баспасөз басылымдарында сатылатын мүліктің тізбесін, уақытша әкімшіліктің жауапты мүшесінің тегін, атын, әкесінің атын, тұрған жерін, солар бойынша ұсыныстар беріле алатын телефондар мен факс нөмірлерін, сондай-ақ ұсыныстар қабылданатын мерзімді көрсете отырып мақтаны қайта өңдеу ұйымының мүлігін сату туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландыру жариялайды;
2) мүлікті сатып алу туралы ұсыныстарды ықтимал сатып алушылар мүліктің атауын және ұсынылған сатып алу бағасын көрсете отырып жазбаша түрде ресімдейді;
3) екеуден кем емес ықтимал сатып алушыдан ұсыныстар түскен жағдайда мүлік неғұрлым жоғары баға ұсынған тұлғаға сатылады.
37-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды тоқтату
1. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқару:
1) мақта саласы аясындағы уәкілетті органның шешімімен белгіленген уақытша басқару мерзімі аяқталғаннан кейін;
2) мақта саласы аясындағы уәкілетті орган уақытша басқаруды мерзімінен бұрын аяқтау туралы шешім қабылдаған жағдайда;
3) заңды күшіне енген соттың шешімі бойынша тоқтатылады.
2. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды оны енгізу себептерінің жойылуына байланысты тоқтату (оның ішінде мерзімінен бұрын), осы мақтаны қайта өңдеу ұйымына қатысты мақта саласы аясындағы уәкілетті орган немесе уақытша әкімшілік белгілеген барлық шектеулерді алып тастауға алып келеді.
3. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын уақытша басқару мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерін орындау қабілетін қайта қалпына келтіруге әкелмеген жағдайда, мақта саласы аясындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілетін лицензияны кері қайтарып алуға және мақтаны қайта өңдеу ұйымын таратуға бастама жасай алады.
8-тарау. Мәжбүрлі тәртіппен таратылатын мақтаны қайта өңдеу ұйымы
несиешілерінің талаптарын жою және қанағаттандыру тәртібi
38-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын тарату негіздерi
1. Мақтаны қайта өңдеу ұйымы:
1) оның құрылтайшыларының (акционерлерінің, қатысушыларының) шешімі бойынша - кредиторлық қарызы болмаған жағдайда өз еркімен таратылуы мүмкін. Бұл ретте мақта саласы аясындағы уәкілетті органға ескертпе жіберіледі;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген жағдайларда сот шешімі бойынша таратылуы мүмкін (мәжбүрлеп тарату).
2. Мақтаны қайта өңдеу ұйымының қызметін тоқтату банкроттық туралы заңнаманың және осы Заңның талаптарын ескере отырып Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.
39-бап. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп тарату негіздерi
1. Мақтаны қайта өңдеу ұйымын мәжбүрлеп таратуды сот:
1) банкроттық;
2) шитті мақтаны мақта талшығына бастапқы қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілетін лицензиясыз қызметті жүзеге асырғанда, не заңнамалық актілермен тыйым салынған қызметті жүзеге асырғанда, немесе қызметті бірнеше рет заңнаманы қатаң бұзу арқылы жүзеге асырғанда;
3) заңнамалық актілерде көзделген басқа да жағдайларда жүргізеді.
40-бап. Конкурстық массаны қалыптастыру ерекшеліктерi
Конкурстық массаға мақтаны қайта өңдеу ұйымына сақтауға және (немесе) бастапқы қайта өңдеуге тапсырылған мақта жатқызылмайды.
41-бап. Мәжбүрлі тәртіппен таратылатын мақтаны қайта өңдеу ұйымы кредит алушыларының талаптарын қанағаттандырудың кезектілігi
1. Мәжбүрлі тәртіппен таратылатын, сонымен бірге белгіленген тәртіппен банкрот деп танылған мақтаны қайта өңдеу ұйымы кредит алушыларының талаптары мынадай тәртіппен қанағаттандырылады:
1) бірінші кезекте өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін таратылатын мақтаны қайта өңдеу ұйымы жауапкершілік көтеретін азаматтардың талаптары қанағаттандырылады;
2) екінші кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін тұлғалармен еңбегін өтеу жөнінде есептер жүргізіледі;
3) үшінші кезекте: кепілдік туралы мәліметтер бар мақта қолхаттарын ұстаушылардың талаптары; мақта қолхаттары бойынша міндеттемелерді өтеуге байланысты мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорының жүргізілген төлемдер бойынша болашақтағы талаптары қанағаттандырылады;
4) төртінші кезекте кепілдік туралы мәліметтері жоқ мақта қолхаттарын ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылады;
5) бесінші кезекте таратылатын мақтаны қайта өңдеу ұйымының мүлік кепілдігімен қамтамасыз етілген міндеттемелері бойынша несиешілердің талаптары қанағаттандырылады;
6) алтыншы кезекте бюджет алдындағы міндетті төлемдер бойынша қарыздар өтеледі;
7) жетінші кезекте заңнамалық актілерге сәйкес басқа да несиешілермен есептер жүргізіледі.
2. Тарату өндірісімен байланысты, оның ішінде мақтаны қайта өңдеу ұйымын тарату комиссиясының қызметін қамтамасыз етумен байланысты шығыстар, сондай-ақ таратылатын мақтаны қайта өңдеу ұйымының негізгі қызметтерін қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайтын шығындар кезексіз және тұрақты түрде жүргізіледі.
Мақтаны қайта өңдеу ұйымын тарату кезеңінде туындайтын салықтық міндеттемелер, олардың пайда болуы бойынша Қазақстан Республикасының салықтық заңнамаларымен белгіленген мерзімдерде және тәртіпте орындалады.
9-тарау. Қорытынды ережелер
42-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібi
Осы Заң қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президентi