ҚР Қаржы министрлігі 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 468 бұйрығымен 2008 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2006 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 637 бұйрығымен бекітілген
Резидент еместерге төленген, шартты банк салымында орналастырылған резидент еместердің табыс салығы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне есептелгені туралы есепті жасау
ережелері
(101.09 Нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Салық кодексінің 198-бабына сәйкес резидент-банктер 101.09-нысан бойынша Резидент еместерге төленген, шартты банк салымында орналастырылған резидент еместердің табыс салығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне есептелгені туралы есепті (бұдан әрі - Есеп) жасау тәртібін айқындайды.
2. Есепті жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта - Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.
3. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.
5. Қосымша нысанның «Жалпы ақпарат» бөлімінде Есептің «Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат» бөлімінде көрсетілген тиісті көрсеткіштер көрсетіледі.
6. Қосымша нысандағы көрсеткіштерді ашып көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде, көрсетілген қосымша нысан міндетті түрде толтырылуы тиіс.
7. Есепті беру кезінде:
1) қағаз тасығышта келу тәртібінде екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен банкке қайтарылады;
2) почта бойынша банк хабарламалы тапсырысты хатпен байланыстың почта немесе өзге ұйымының хабарламасын алады;
3) келу тәртібімен электрондық түрде не электрондық почта бойынша банк Салық кодексінің 69-бабы 8-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Есепті қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электронды почта бойынша алады.
8. Есепке Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.