Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы № 193 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 сәуірдегі № 309 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 329 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы № 193 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымшада:

қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

 

Қожамжаров

Қайрат Пернешұлы

- Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары, төрайымның орынбасары

 

Байжанов

Нұрсейіт Әбсаттарұлы

- Қаржы полициясы академиясы бастығының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты

 

Кравченко

Андрей Николаевич

- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы

 

көрсетілген құрамнан Лукин Андрей Иванович, Қоғамов Марат Шекішұлы шығарылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

К. Мәсімов