«Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен жасасқан қосарланған салық салуды
болдырмау және табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенцияларды
(Келісімдерді) қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 643 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 1478 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2007 жылғы 3 мамырдағы № 278-а Бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы № 5 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен жасасқан қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенцияларды (Келісімдерді) қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 643 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 жылғы № 1478 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1021 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2006 жылғы 25 желтоқсанда № 4496 болып тіркелген»«Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен жасасқан қосарланған салық салуды болдырмау және табыс пен капиталға (мүлікке) салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияларды (Келісімдерді) қолданудың тәртібі туралы нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 643 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы № 1478 бірлескен бұйрығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 500 бұйрығымен енгізілген толықтырумен) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: