Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 234 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мәдениет саласын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қарашадағы № 1161 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 44, 583-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

5-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Т.Орынбаевқа» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген Мәдениет саласын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасында:

«1. Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде:

«Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері» деген жолда:

екінші абзацтағы «жалпы шығындар 4 509,0 млн.теңгені», «2007 жылы - 1 503,0 млн.теңгені», «2008 жылы - 1 503,0 млн.теңгені» деген сөздер тиісінше «жалпы шығындар 6 954,5 млн.теңгені», «2007 жылы - 2 831,8 млн.теңгені», «2008 жылы - 2 619,7 млн.теңгені» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже» деген жолда:

бесінші абзацтағы «қойылым» деген сөзден кейін «және концерттік ұйымдарда концерттік бағдарламалар жүзеге асырылады» деген сөздермен толықтырылсын;

жетінші абзацтағы «36» деген сандар «68» деген сандармен ауыстырылсын;

тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«3 халықаралық театр және 3 кинофестиваль, халықаралық балет әртістері, вокалистер, пианистер конкурстары;»;

он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«республикалық дәстүрлі орындаушылар конкурстары (2006, 2008 жылдар);»;

он үшінші, он төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтар алынып тасталсын;

«5.1. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру» деген кіші бөлімде:

екінші абзацтағы «Ауылдық елді мекендерді мәдениет объектілерімен қамтамасыз ету нормативтері, мәдениет ұйымдарының үлгі штаттық нормативтері әзірленеді,» деген сөздер алынып тасталсын;

«5.4. Өнерді және дарынды тұлғалардың қызметін дамытуға жағдай жасау» деген кіші бөлімде:

үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Ұлттық «Астана-Бәйтерек» конкурстары, Қазақстан композиторларының қазіргі заманғы музыкасының фестивальдері, республикалық дәстүрлі орындаушылар конкурстары, «Елім менің» патриоттық әндер конкурстары өтеді.»;

бесінші абзац алынып тасталсын;

«5.5. Халықаралық ынтымақтастық және Қазақстан өнеріндегі үздік жетістіктердің шет елдердегі тұсаукесері» деген кіші бөлімде:

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстанда тәжірибе алмасу және көркемдік өсу үшін мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында мынандай халықаралық фестивальдар мен конкурстарды өткізу жоспарланып отыр: Орталық Азия елдерінің Халықаралық театр фестивалі, Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі, халықаралық пианистер, скрипкашылар, вокалистер конкурстары, Халықаралық «Ұлы дала музыкасы» дәстүрлі орындаушылар фестивалі.»;

«5.7. Саланы ақпараттық қамтамасыз ету» деген кіші бөлімде:

бірінші абзацтағы «, сондай-ақ деректі фильмдерді жасау, республиканың бірегей мұражай құндылықтары туралы CD шығару жолға қойылады» деген сөздер алынып тасталсын;

төртінші абзац алынып тасталсын;

«6. Қажетті ресурстар мен қаржыландыру көздері» деген бөлімде:

екінші абзацтағы «жалпы шығындар 4 509,0 млн.теңгені», «2007 жылы - 1 503,0 млн.теңгені», «2008 жылы - 1 503,0 млн.теңгені» деген сөздер тиісінше «жалпы шығындар 6 954,5 млн.теңгені», «2007 жылы - 2 831,8 млн.теңгені», «2008 жылы - 2 619,7 млн.теңгені» деген сөздермен ауыстырылсын;

«7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже» деген бөлімде:

төртінші абзацтағы «қойылым» деген сөзден кейін «және концерттік ұйымдарда концерттік бағдарламалар жүзеге асырылады» деген сөздермен толықтырылсын;

алтыншы абзацтағы «36» деген сандар «68» деген сандармен ауыстырылсын;

сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«3 халықаралық театр және 3 кинофестиваль, халықаралық балет әртістері, вокалистер, пианистер конкурстары;»;

оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«республикалық дәстүрлі орындаушылар конкурстары (2006, 2008 жылдар);»;

он екінші, он үшінші, он төртінші және он бесінші абзацтар алынып тасталсын;

«8. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген бөлімде:

«1. Нормативтік және құқықтық қамтамасыз ету» деген кіші бөлімде:

реттік нөмірі 2-жол алынып тасталсын;

«2. Сала инфрақұрылымын дамыту және мәдениет объектілерін басқару нысандарын жетілдіру» деген кіші бөлімде:

реттік нөмірі 7-жолдың 6-бағанында «Барлығы: 287,6», «2008 ж. - 73,5» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 388,9», «2008 ж. - 174,8» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 8-жолдың 6-бағанында «Барлығы: 392,1», «2008 ж. - 126,0» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 381,4», «2008 ж. - 115,3» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 9-жолдың 6-бағанында «Барлығы: 37,7», «2008 ж. - 15,0» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 26,5», «2008 ж. - 3,8» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 10-жолдың 6-бағанында:

«Барлығы: 324,0» деген сөздер «Барлығы: 227,3» деген сөздермен ауыстырылсын;

«2008 ж. - 96,7» деген сөздер алынып тасталсын;

реттік нөмірі 10-2-жолдың 6-бағанында «Барлығы: 90,9», «2008 ж. - 50,9» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 91,0», «2008 ж. - 51,0» деген сөздермен ауыстырылсын;

«3. Кадрмен қамтамасыз ету және біліктілікті арттыру» деген кіші бөлімде:

реттік нөмірі 11-жолдың 6-бағанында:

«Барлығы: 121,7» деген сөздер «Барлығы: 111,7» деген сөздермен ауыстырылсын;

«2008 ж. - 10,0» деген сөздер алынып тасталсын;

реттік нөмірі 12-жолда:

5-бағанда «- 2008 жылдар» деген сөздер «жыл» деген сөзбен ауыстырылсын;

6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«2007 ж. - 10,0»;

«4. Өнерді және дарынды тұлғалардың қызметін дамыту үшін жағдай жасау» деген кіші бөлімде:

реттік нөмірі 13-жолдың 6-бағанында «Барлығы: 90,0», «2008 ж. - 40,0» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 79,0», «2008 ж. - 29,0» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 14-жолдың 6-бағанында «Барлығы: 48,0», «2008 ж. - 16,0» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 45,9», «2008 ж. - 13,9» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 16-жолда:

2-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Дәстүрлі орындаушылардың республикалық конкурстарын өткізу»;

5-бағанда «2006 жыл, IV тоқсан,» деген сөздерден кейін «2008 жыл, IV тоқсан» деген сөздермен толықтырылсын;

6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Барлығы: 27,3, оның ішінде: 2006 ж. - 13,0, 2008 ж. - 14,3»;

реттік нөмірі 17-жолдың 6-бағанында «Барлығы: 38,0», «2008 ж. - 6,0» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 43,5», «2008 ж. - 11,5» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 18-жол алынып тасталсын;

реттік нөмірі 19-3-жолда:

2-бағанда «XV» деген сандар алынып тасталсын;

5-бағанда «2007 жыл» деген сөздер «2007 - 2008 жылдар» деген сөздермен ауыстырылсын;

6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Барлығы: 30,0, оның ішінде: 2007 ж. - 14,0, 2008 ж. - 16,0»;

реттік нөмірі 19-4-жолда:

5-бағанда «2007 жыл» деген сөздер «2007 - 2008 жылдар» деген сөздермен ауыстырылсын;

6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Барлығы: 20,6, оның ішінде: 2007 ж. - 12,8, 2008 ж. - 7,8»;

реттік нөмірі 19-7-жолда:

2-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Жас орындаушылардың «Жас қанат» республикалық конкурсын өткізу»;

5-бағанда «2007 жыл» деген сөздер «2007 - 2008 жылдар» деген сөздермен ауыстырылсын;

6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Барлығы: 6,7, оның ішінде: 2007 ж. - 3,7, 2008 ж. - 3,0»;

реттік нөмірі 19-8-жолда:

5-бағанда: «2007 жыл» деген сөздер «2007 - 2008 жылдар» деген сөздермен ауыстырылсын;

6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Барлығы: 13,2, оның ішінде: 2007 ж. - 6,5, 2008 ж. - 6,7»;

«5. Халықаралық ынтымақтастық және қазақ өнерінің үздік жетістіктерінің шет елдердегі тұсаукесері» деген кіші бөлімде:

реттік нөмірі 20-жолда:

5-баған «2008 жыл, III тоқсан» деген сөздермен толықтырылсын;

6-баған мынадай редакцияда жазылсын:

«Барлығы: 60,8, оның ішінде: 2006 ж. - 30,8, 2008 ж. - 30,0»;

6-бағанда:

реттік нөмірі 21-жолда «Барлығы: 558,8», «2008 ж. - 159,4» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 659,4», «2008 ж. - 260,0» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 22-жолда «Барлығы: 71,3», «2008 ж. - 25,3», деген сөздер тиісінше «Барлығы: 57,0», «2008 ж. - 11,0» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 23-жолда «Барлығы: 22,2», «2008 ж. - 12,0» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 17,4», «2008 ж. - 7,4» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 24-жолда «Барлығы: 29,4», «2008 ж. - 15,2» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 26,1», «2008 ж. - 11,9» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 25-жолда «Барлығы: 114,2», «2008 ж. - 30,0» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 194,2», «2008 ж. - 110,0» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 26-жолда «Барлығы: 342,3», «2008 ж. - 154,3» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 339,6», «2008 ж. - 151,6» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 27-жолда «Барлығы: 197,5», «2008 ж. - 70,0» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 181,5», «2008 ж. - 54,0» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 28-жолда «Барлығы: 28,5», «2008 ж. - 11,4» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 22,8», «2008 ж. - 5,7» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 29-жолда «Барлығы: 40,2», «2008 ж. - 13,6» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 36,6», «2008 ж. - 10,0» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 31-жолда «Барлығы: 54,9», «2008 ж. - 20,0» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 48,0», «2008 ж. - 13,1» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 32-жолда «Барлығы: 32,7», «2008 ж. - 12,7» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 70,0», «2008 ж. - 50,0» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 34-жолда:

6-бағанда:

«Барлығы: 11,5» деген сөздер «Барлығы: 7,5» деген сөздермен ауыстырылсын;

«2008 ж. - 4,0» деген сөздер алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 34-5, 34-6, 34-7, 34-8, 34-9, 34-10, 34-11-жолдармен толықтырылсын:

 

34-5

Қазақстанның

Моңғолиядағы

Мәдениет

күндерін өткізу

Бұйрық

МАМ

2008

жыл

2008 ж. -24,9

Респуб-

лика-

лық

бюджет

34-6

Қазақстанның

Тәжікстандағы

Мәдениет

күндерін өткізу

Бұйрық

МАМ

2008

жыл

2008ж.

- 6,3

Респуб-

лика-

лық

бюджет

34-7

Украинаның

Қазақстандағы

Мәдениет

күндерін өткізу

Бұйрық

МАМ

2008

жыл

2008ж.

- 82,0

Респуб-

лика-

лық

бюджет

34-8

Иорданияның

Қазақстандағы

Мәдениет

күндерін өткізу

Бұйрық

МАМ

2008

жыл

2008ж.

- 10,6

Респуб-

лика-

лық

бюджет

34-9

Египеттің

Қазақстандағы

Мәдениет

күндерін өткізу

Бұйрық

МАМ

2008

жыл

2008ж.

- 17,2

Респуб-

лика-

лық

бюджет

34-10

Катардың

Қазақстандағы

Мәдениет

күндерін өткізу

Бұйрық

МАМ

2008

жыл

2008ж.

- 10,6

Респуб-

лика-

лық

бюджет

34-11

Өлгей қаласында

(Монғолия)

Қазақстан

мәдениетінің

орталығын құру

Қазақ-

стан

Респу-

блика-

сының

Үкіме-

тіне

ақпа-

рат

МАМ

2008

жыл

2008ж.

- 30,0

Респуб-

лика-

лық

бюджет

 

«6. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету» деген кіші бөлімде:

реттік нөмірі 35-жолдың 6-бағанында «Барлығы: 2 387,7», «2008 ж. - 535,0» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 3 077,2», «2008 ж. - 1 224,5» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 36-жолдың 6-бағанында «Барлығы: 18,1», «2008 ж. - 10,0» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 9,5», «2008 ж. - 1,4» деген сөздермен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 37-жолдың 6-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

«2006 ж. - 5,0»;

реттік нөмірі 38-жол алынып тасталсын;

реттік нөмірі 40-жол алынып тасталсын;

«Республикалық бюджеттен жиыны» деген жолда:

6-бағандағы «Барлығы: 5 837,8», «2008 ж. - 1 604,3» деген сөздер тиісінше «Барлығы: 6 954,5», «2008 ж. - 2 619,7» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов