Шақыру жасындағы азаматтарды 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында
кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 5 тамыздағы № 1785 қаулысы
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 17 наурыздағы № 556 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19, 23-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 313 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы № 960 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысын іске асыру мақсатында Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтар «Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) арқылы 2010 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шакыруын ұйымдастырылып және қамтамасыз етілсін.