Қызылорда облысы, Шиелі аудандық сотының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 3-935 Қаулысы
Қызылорда облысы, Шиелі аудандық сотының судьясы Ғ.Алмахан, аудан прокурорының аға көмекшісі М.Әлиеваның, құқық бұзушы Б.Жәнібековтың қатысуларымен, аудандық сот залында, өзінің ашық сот отырысында құқық бұзушылық жасаған азамат:
Жәнібеков Бағлан Айдынұлы- 07.09.1976-жылы Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туылған, ұлты қазақ, ҚР азаматы, жанұялы, жеке куәлігі 013150245, бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылмаған, Шиелі ауданы, Қодаманов ауылы тұрғыны, әкімшілік істі қазақ тілінде жүргізуді сұраған, қорғаушы көмегін қажет етпеген,
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 467-бабының 1- бөлігімен жинақталған әкімшілік ісін қарап, АНЫҚТАҒАНЫ:
Құқық бұзушы Жәнібеков Бағлан Айдынұлы 07.09.2010-жылы сағат 10.15-минутта, Шиелі кенті, «Шымкент-Самара» жас жолының бойында, өзінің басқаруындағы «Камаз-55102» маркалы м/б М 842 ВТ автокөлігін психикалық белсенді зат пайдалану және мас болу фактісін анықтау үшін медициналық куәландырудың 07.09.2010-жылғы №75-санды қорытындысы бойынша, спирттік ішімдік ішкен жеңіл дәрежелі масаю күйінде басқарған, яғни ол ҚР ӘҚБтК-нің 467-бабының 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылықты жасаған
Құқық бұзушы Жәнібеков сотта өз кінәсін толық мойындап, өзінің басқаруындағы «Камаз-55102» маркалы м/б М 842 ВТ автокөлігін спирттік ішімдік ішкен мас күйінде басқарып, құқық бұзушылық жасағанын, істеген іс-әрекетіне шын жүректен қынжыла өкінетінін, енді мұндай жағдайлар қайталанбайтынын, бір білместік болғанын, кешірім сұрайтынын көрсетті.