Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің 2010 жылғы
20 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен
бекітілген
Роялти бойынша декларацияға
(500.00-нысан) қосымша
ҚР Қаржы министрінің 2012 жылғы 12 қаңтардағы № 15 бұйрығымен 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Роялти бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау
ережесі
(500.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және роялти бойынша салықты есептеуге арналған, роялти бойынша салық есептілігінің нысандарын (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны есеп кезеңіде олардың өткiзiлген-өткiзiлмегенiне қарамастан, техногендiк минералды құралымдардан пайдалы қазбалар алуды қоса алғанда, пайдалы қазбалар өндiрудi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар, сондай-ақ, Салық кодексінің 308-бабы 2-тармағына сәйкес көзделген, жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарттар негізінде қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар жасайды.
2. Декларация Декларацияның өзінен (500.00-нысан) және төлеуге роялти есептеу туралы ақпаратты нақты көрсету үшін арналған, оған қосымшадан (500.01-нысан) тұрады.
3. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде Декларацияның тиісті торкөздері толтырылмайды.
5. Декларацияға қосымша тиісті көрсеткіштердің мәнін ашуды қажет ететін Декларациядағы жолдарды толтыру кезінде міндетті түрде жасалады.
6. Декларацияға қосымша парағындағы жолдарда көрсеткіштер саны асқан жағдайда, Декларацияға қосымшаның осындай парағы толтырылады.
7. Соманың теріс мәні тиісті жолдың (бағанның) бірінші сол торкөзінде «- » белгісімен көрсетіледі.
8. Декларацияны жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта - қара не көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта - нысандар Салық кодексінің 68-бабына сәйкес толтырылады.