Шымкент қаласының көшелеріне атау беру туралы
Бірлескен Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 43/373-4с шешімі және Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 1988 қаулысы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13-бабы 4-тармағына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Абай ауданындағы Қатынкөпір шағынауданының атауы жоқ көшесіне Ер Едігенің;
Абай ауданындағы Самал-3 шағынауданының атауы жоқ көшесіне Болсынай Даулбаеваның;
Абай ауданындағы Самал-3 шағынауданының атауы жоқ көшесіне Естемес бидің;
Әл-Фараби ауданындағы Қайтпас-1 шағынауданының атауы жоқ көшесіне Ер Жәнібектің;
Әл-Фараби ауданындағы Наурыз шағынауданының атауы жоқ көшесіне Садық Исмайловтың;
Еңбекші ауданындағы Мирас шағынауданының атауы жоқ көшесіне Фарух Шаназаровтың есімдері берілсін.
2. Абай ауданындағы Ақжайық шағынауданының атауы жоқ көшесі Ақдария;
Абай ауданындағы Ақжайық шағынауданының атауы жоқ көшесі Жерұйық;
Абай ауданындағы Самал-1 шағынауданының атауы жоқ көшесі Айнабұлақ;