Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 229 бұйрығы

(2020.07.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 614 бұйрығымен күші жойылды

 

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 44-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

ҚР Білім және ғылым министрінің м.а. 2017.25.05. № 248 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Білім және ғылым министрінің 2018.11.01. № 8 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда

1. Қоса беріліп отырған:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары;

3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар қызметінің үлгілік қағидалары;

4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Пана үйі қызметінің үлгілік қағидалары;

5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Отбасы үлгісіндегі балалар үйлері қызметінің үлгілік қағидалары;

6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Кәмелетке толмағандардың бейімдеу орталықтары қызметінің үлгілік қағидалары;

7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталықтары қызметінің үлгілік қағидалалары;

8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған мектеп-интернаттар қызметінің үлгілік қағидалары бекітілсін.

2. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (Р.П. Шер):

1) осы бұйрықты белгіленген заңнамалық тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын;

3) осы бұйрықты жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының назарына жеткізсін.

3. «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында кәмелетке толмағандарды ұстау ережесін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылы 14 қаңтарда № 6734 санымен тіркелген, 2011 жылғы 29 қаңтарда № 29-30 (26432) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 10 қаңтардағы № 1 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.А. Әбеновке жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

 

 

Министр

Б. Жұмағұлов