Введите номер документа
Прайс-лист

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жұмыс регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 20 шілдедегі № 73 бұйрығы (күші жойылды)

Информация о документе
Датасуббота, 20 июля 2019
Статус
Утратил силу
утратил силу с 26 мая 2023

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жұмыс регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 20 шілдедегі № 73 бұйрығы

 

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жұмыс регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 13 шілдедегі № 88 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) Мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:

«26-1. Бас прокуратураның алқа жұмысын ұйымдастыру тәртібі Бас Прокурордың тиісті актісімен айқындалады»;

2) 31-тармақ алып тасталсын;

3) 36-тармақтың үшінші абзацы алып тасталсын;

4) 37-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«37. Бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл және БАҚ пен әлеуметтік желілердегі сыни жарияланымдарға, хабарламаларға ден қою бойынша жұмысты ұйымдастыру тәртібі Бас Прокурордың тиісті актісімен айқындалады»;

5) 38-тармақ алып тасталсын;

6) 39-тармақ «оның әкімшілігінің» деген сөздерден кейін «, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің» деген сөздермен толықтырылсын;

7) 40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«40. Тапсырма белгілі бір міндетті (проблемалық ахуалды) кешенді зерделеуге және шешуге бағытталады, оны орындау үшін кемінде жиырма жұмыс күні беріле отырып, Бас Прокурор, оның орынбасарлары не Аппарат басшысы қол қояды және мыналарды қамтуы тиіс:

атауы (қысқаша мәні);

оны жолдау негіздемесі;

мақсаттары, міндеттері, оған қол жеткізу шарттары мен тәсілдері (талдау, қорыту, тексеру);

анықтауға жататын мәселелер тізбесі және күтілетін соңғы нәтиже (тапсырманы орындаушы күтілетін соңғы нәтижеге қол жеткізу жолдарын өзі таңдай алады);

орындау нысаны мен мерзімі. Аралық мерзімдерді белгілеуге жол берілмейді.

Тапсырманы жолдаудың алдында ағымдағы ахуалды, қолдағы статистикалық және өзге де мәліметтерді талдау қажет.

Бастамашы тапсырмаларды орындауды тиісті әдістемелік қолдауды қамтамасыз етеді.»;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами