ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 - 2021 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

(2019.13.04. берілген өзгерістермен)

 

ҚР 2019 жылғы 4 желтоқсандағы № 274-VІ Заңымен 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

2019.13.04. № 245-VI ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2019 - 2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:

2019 жыл - 2 700 000 000 мың теңге;

2020 жыл - 2 300 000 000 мың теңге;

2021 жыл - 2 000 000 000 мың теңге.

2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2018 - 2020 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2017 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2017 ж., № 20, 95-құжат) күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

            Президенті

 

         Н. НАЗАРБАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2018 жылғы қарашаның 30-ы.

                     № 196-VІ