ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ЗАҢЫ

 

 «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы

 

1-бап. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2021 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«2022 жыл – 4 030 000 000 мың теңге;».

2-бап. Осы Заң 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

             Президенті

 

               Қ. ТОҚАЕВ

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 12 мамыр

                     № 120-VII