ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЗАҢЫ

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 - 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

 

ҚР 2025 жылғы 8 желтоқсандағы № 239-VIII Заңымен 2026 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды

 

1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 - 2027 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:

2025 жыл - 2 000 000 000 мың теңге;

2026 жыл - 2 000 000 000 мың теңге;

2027 жыл - 2 000 000 000 мың теңге.

2-бап. Кесімді баға мөлшерлері

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер бойынша мұнайдың 2025 - 2027 жылдарға арналған кесімді бағасының мынадай мөлшерлері белгіленсін:

2025 жыл - бір баррель үшін 42,3 АҚШ доллары;

2026 жыл - бір баррель үшін 41,0 АҚШ доллары;

2027 жыл - бір баррель үшін 39,4 АҚШ доллары.

3-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тəртібі

1. Осы Заң 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024 - 2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.

 

 

Қазақстан Республикасының

    Президенті

 

Қ. ТОҚАЕВ

 

Астана, Ақорда, 2024 жылғы 4 желтоқсан

  № 140-VIII ҚРЗ