Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасының Венгр Республикасындағы Елшілігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 6 тамыз 1993 ж. № 682

Информация о документе
Датапятница, 6 августа 1993
Статус
Действующийвведен в действие с 6 августа 1993
Дата последнего измененияпятница, 6 августа 1993

Қазақстан Республикасының Венгр Республикасындағы Елшiлiгiнiң
мәселелерi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы
6 тамыз 1993 ж. № 682

Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Венгр Республикасындағы Елшiлiгiн ашу туралы" 1993 жылғы 15 сәуірдегі № 1183 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасының Венгриядағы Елшiлiгiнiң штаттағы қызметкерлерi жылдық айлықақы қоры 190176 АҚШ доллары сомасында 18,25 адам болып бекітілсiн.

2. Қазақстан Республикасының Венгр Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiне 1400 АҚШ доллары мөлшерiнде лауазымдық жалақы белгiленсiн.

Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Қазақстан Республикасының Венгр Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiнiң штат кестесiне сәйкес шет ел валютасындағы жалақысына қарай белгiленсiн.

3. Қазақстан Республикасының Венгр Республикасындағы Елшiлiгiнiң жұмыс көлемiнiң ауқымдылығы және оған жүктелген мiндеттiң маңыздылығы ескерiлiп, Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiнiң лауазымдық жалақысына оның шет ел валютасындағы жалақысының 20 процентi мөлшерiнде үстемеақы белгiленсiн.

4. Елшiлiк қызметкерлерiне медициналық қызмет көрсетуге арналып жасалатын аударым олардың АҚШ долларындағы айлықақы қорының 2 процентi мөлшерiнде белгiленсiн.

5. Қазақстан Республикасының Венгр Республикасындағы Елшiлiгiнiң шығыс сметасы 1993 жылдың екiншi жартысына 579,4 мың АҚШ доллары және 48815,1 мың сом мөлшерiнде бекітілсiн.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1993 жылға арналған республикалық бюджет пен Республикалық валюта қорында осы мақсатқа көзделген қажеттi қаржының Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігіне тоқсан сайын бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.

          Қазақстан Республикасының
             Премьер-министрi
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами