Введите номер документа
Прайс-лист

Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе азаматтық авиация жоғары ұшқыштар училищесін екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесі етіп қайта құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1996 жылғы 4 маусым № 688

Информация о документе
Датавторник, 4 июня 1996
Статус
Действующийвведен в действие с 4 июня 1996
Дата последнего изменениявторник, 4 июня 1996

Екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе
азаматтық авиация жоғары ұшқыштар училищесiн екi мәрте Кеңес
Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары әскери
авиация училищесi етiп қайта құру туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 4 маусым № 688

"1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2700 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы № 53 қаулысының 24-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Әскери Әуе Күштерi үшiн офицерлiк кадрлар даярлауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етедi:

1. Екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе азаматтық авиация жоғары ұшқыштар училищесi екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесi болып қайта құрылсын.

Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе азаматтық авиация жоғары ұшқыштар училищесiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң қарамағына берсiн.

2. Екi мәрте Кеңес Одағының батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе азаматтық авиация жоғары ұшқыштар училищесiнiң балансындағы барлық мүлiкке, инфрақұрылымға, активтер мен пассивтерге екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесiнiң құқықтық мұрагерлiгiн белгiлесiн.

Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе азаматтық авиация жоғары ұшқыштар училищесiнiң материалдық-техникалық базасын, үйлерi мен ғимараттарын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң балансына белгiленген тәртiппен берсiн.

3. Азаматтық авиация мамандарын даярлау үшiн бұрын қабылданған курсанттарды оқыту екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе азаматтық авиация жоғары ұшқыштар училищесiне қабылдау шартында аяқталсын.

1996-1997 оқу жылынан бастап азаматтық авиация мамандарын даярлау мүдделi заңды тұлғалармен жасалған шарттардың негiзiнде жүргiзiлсiн.

4. Екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесiнiң жалпы штат саны - 2650, оның iшiнде тұрақты құрам - 1450, олардың iшiнде әскери қызметшiлер - 950; ауыспалы құрам - 1200, олардың iшiнде әскери қызметшiлердiң саны 800 адам болып бекітілсiн.

     5. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі:

Екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесiнiң ұйымдық-штаттық құрылымын әзiрлеп, бекiтсiн;

Қазақстан Республикасының Еңбек министрлігімен және Қаржы министрлігімен келiсе отырып екi айлық мерзiмде екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесiнiң азаматтық қызметкерлерiне еңбек ақы төлеу туралы Ереженi әзiрлеп, бекiтсiн.

     6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:

Екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесiн қаржыландыруды республикалық бюджетте көзделген қорғанысқа бөлiнген жалпы шығыстар есебiне жүзеге асырсын;

1997 жылға арналған республикалық бюджетте 1997 жылдың бiрiншi тоқсанында училищенiң қазiргi уақыттағы коммуналдық қызмет үшiн 83,4 млн. теңге мөлшерiндегi кредиторлық берешегiн өтеуге шығыстар қарастырсын.

7. Екi мәрте Кеңес Одағының Батыры Т.Ж.Бигелдинов атындағы Ақтөбе жоғары әскери авиация училищесi Ақтөбе қаласының ұшақ айлағын пайдалануды шарт бойынша Ақтөбе авиаотрядымен бiрлесiп орналасу негiзiнде жүзеге асырсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
 
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами