Қазақстан Республикасының жекелеген министрлiктерi мен ведомстволарының
есеп-қаржы қызметтерiн орталықтандыру туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң қаулысы 1996 жылғы 12 тамыз N
1000
Республиканың жекелеген министрлiктерi мен ведомстволарының есеп-қаржы қызметтерiн орталықтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары аппаратының санын және оны ұстауға жұмсалатын шығындарды қысқарту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 2 қарашадағы № 1442 қаулысымен белгiленген Қазақстан Республикасы ведомстволарының орталық аппараты қызметкерлерiнiң шектi саны 1-қосымшаға сәйкес қысқартылсын.
2. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары аппаратының санын және оны ұстауға жұмсалатын шығындарды қысқарту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 2 қарашадағы № 1442 қаулысымен белгiленген министрлiктердiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң шектi саны 2-қосымшаға сәйкес көбейтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының жекелеген министрлiктерi мен ведомстволарының шектi шығыстарына тиiстi өзгертулер енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 12 тамыздағы
№ 1000 қаулысына
1 қосымша
Орталық аппарат қызметкерлерiнiң штаттық саны
қысқартылатын Қазақстан Республикасы ведомстволарының
ТIЗБЕСI
___________________________________________________________________
Ведомстволар Адам саны
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі
жанындағы "Қазақстан" мемлекеттік
кинокомпаниясы 5
Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі -
Ғылым академиясы жанындағы Ұлттық аэроғарыш
агенттiгi 2
Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі -
Ғылым академиясы жанындағы Атом энергиясы
жөніндегі агенттiк 1
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
жанындағы Қаржы-валюталық бақылау
комитетi 6
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
жанындағы Шетел капиталын пайдалану
жөніндегі комитет 4
Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп және сауда
министрлігі жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi
жөніндегі комитет 2
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
1996 жылғы 12 тамыздағы
№ 1000 қаулысына
2 қосымша
Орталық аппарат қызметкерлерiнiң штаттық саны
көбейтiлетiн Қазақстан Республикасы министрлiктерi
мен мемлекеттік комитеттерiнiң
ТIЗБЕСI
___________________________________________________________________
Министрлiктер Адам саны
___________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі 3
Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі -
Ғылым академиясы 2
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 7
Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда
министрлігі 1