Введите номер документа
Прайс-лист

«Алматыэнерго» және Алматы облысы энергетика кәсіпорындарының Алматы энергетика және электрлендіру өндірістік бірлестігі кәсіпорындарын жекешелендіру жөніндегі тендерлік комиссияның шешімін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1996 жылғы 15 тамыз № 1016

Информация о документе
Датачетверг, 15 августа 1996
Статус
Действующийвведен в действие с 15 августа 1996
Дата последнего изменениячетверг, 15 августа 1996

"Алматыэнерго" және Алматы облысы энергетика кәсiпорындарының
Алматы энергетика және электрлендiру өндiрiстiк бiрлестiгi
кәсiпорындарын жекешелендiру жөніндегі тендерлiк комиссияның
шешiмiн бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысы
1996 жылғы 15 тамыз № 1016

"Алматыэнерго" және Алматы облысы энергетика кәсiпорындарының Алматы энергетика және электрлендiру өндiрiстiк бiрлестiгi кәсiпорындарын жекешелендiрудiң тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 8 шiлдедегi № 854 қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. "Алматыэнерго" және Алматы облысы энергетика кәсiпорындарының Алматы энергетика және электрлендiру өндiрiстiк бiрлестiгi кәсiпорындарының мүлiктiк кешенiн жекешелендiру туралы жабық тендердiң нәтижелерi қосымшаға сәйкес және 1996 жылғы 10 тамыздағы сатып алу-сату Келісімiне 1996 жылғы 4 қазандағы толықтыру шартын бекiтсiн.

     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ сөздермен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.11.26.
              № 1447 қаулысымен. 

2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiмен, Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігімен және "Алматыэнерго" Алматы энергетика және электрлендiру өндiрiстiк бiрлестiгiмен бiрлесе отырып бiрлестiк кәсiпорындарының мүлiктiк кешенiн тендердiң жеңiмпазы - "ТРАКТЕБЕЛЬ С.А." компаниясына қосымшаға сәйкес өткiзудi жүзеге асырсын және мүлiктiк кешендi өткiзудi Сатып алу-сату шартына және оған толықтырумен сәйкес белгiленген тәртiппен тiркесiн.

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ сөздермен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.11.26.
              № 1447 қаулысымен. 

3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі "ТРАКТЕБЕЛЬ С.А." компаниясына компанияға берiлген мүлiктi қорғауды ұйымдастыруға қатысты мәселелердi шешуде шарт негiзiнде қажеттi көмек көрсетсiн.

4. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі "ТРАКТЕБЕЛЬ С.А." компаниясына Алматы қаласында және Алматы облысының аумағында электр және жылу энергиясын өндiруге, бөлуге, беруге, тасымалдауға, жiберуге, сатуға, сондай-ақ "ТРАКТЕБЕЛЬ С.А." компаниясымен "Қазақстанэнерго" ұлттық электр энергетика жүйесiнiң қарамағындағы электр желiлерi объектiлерiн Сатып алу-сату шартына және оған толықтырумен сәйкес пайдалануға лицензия берсiн.

     ЕСКЕРТУ. 4-тармақ сөздермен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.11.26.
              № 1447 қаулысымен.

5. Министрлiктер, ведомстволар мен жергiлiктi атқарушы органдар "ТРАКТЕБЕЛЬ С.А." компаниясының мүлiктiк кешенiн иелiк етуге, қолдануға және пайдалануға қабылдау үшiн режимдi бұзбай қалыпты жұмыс iстеуiне қажеттi жағдай жасасын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрінің
          орынбасары
 
                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкіметінiң
                                       1996 жылғы 15 тамыздағы
                                          № 1016 қаулысына
                                              қосымша
 
          "Алматыэнерго" Алматы энергетика және электрлендiру
              өндiрiстiк бiрлестiгi мүлiктiк кешен ретiнде
                жабық тендерде сатылған кәсiпорындардың
                                ТIЗБЕСI
 
     № 1 Алматы жылу электр орталығы (ЖЭО-1)
     № 2 Алматы жылу электр орталығы (ЖЭО-2)
     Алматы мемлекеттік аудандық электр станциясы
     Алматы су электр станциясы каскады
     Алматы электр желiлерi кәсiпорны (АЭЖК)
     Алматы жылу желiлерi кәсiпорны (АЖЖК)
     Алматы электр желiлерiн тарату кәсiпорны (АЭЖТК)
     Ақпараттық-есептеу орталығы
     Есіл электр желiлерi кәсiпорны   
     "Алматыэнергожөндеу" өндiрiстiк-жөндеу кәсiпорны   
     Алматы жылы-жай комбинаты *    
     Қапшағай гидроэлектростанциясы   
     Әлеуметтiк сала объектiлерi   
-----------------------------------------------------------------
   * Сатып алушының Меншiк иесiмен келісімi бойынша.
     ЕСКЕРТУ. Қосымша толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.11.26. № 1447
              қаулысымен.  
     
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами