Жамбыл облысының Жаңатас және Қаратау қалаларын дағдарыстан шығару
жөніндегі кезек күттiрмейтiн шаралар туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 22 қазан № 1292
Жамбыл облысының Жаңатас және Қаратау қалаларын дағдарысты ахуалдан шығару және күзгi-қысқы кезеңге дайындық мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1997 жылға арналған республика бюджетiнiң жобасын қалыптастыру кезiнде Жамбыл облысы бюджетiнiң шығыс бөлiгiнде Жаңатас және Қаратау қалаларының инфрақұрылымдарын қолдауға арналған қаражат бөлудi ескерсiн;
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектiлерiн қысқа дайындау үшiн мемлекеттік мiндеттемелердi орындаумен байланысты шығыстарға арналып, 1996 жылғы республика бюджетiнде көзделген қаржы есебiнен 1996 жылдың аяғына дейiн Жаңатасқа - 150 млн. теңге, Қаратау қаласына 15 млн. теңге бөлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлігі Мемлекеттік салық комитетiмен бiрлесiп Жамбыл облысының фосфор саласы тармағы "IBE Trade Corp" (АҚШ) фирмасының сыртқы басқару туралы контрактi шарттарының салықтар мен басқа да мiндеттi төлемдердiң бюджетке заңдарда көзделген мерзiмде түсуi жөніндегі атқарылуын байыптасын және 1996 жылдың 30 қазанына дейiн нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне баяндасын.
3. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлігі, Жамбыл облысының әкімі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiмен бiрлесiп Жаңатас қаласының "Жаңатас электр торабы" кәсiпорнын және Қаратау қаласының коммуналдық электр тораптарын "Жамбыл облыстық электр бөлу компаниясы" акционерлік қоғамының балансына және Жаңатас қаласының газ шаруашылығы объектiлерiн "Жамбылалаугаз" акционерлік қоғамының балансына өткiзсiн.
4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бiрлесiп зiлзала апатының нәтижесiнде қираған Жаңатас қаласындағы шағын қабатты құрылыстың қазандығындағы аккумулятор багiн қалпына келтiруге қаржы кезiн айқындасын және ағымдағы жылдың қазан айында 12,8 млн. теңге бөлу туралы ұсыныс енгiзсiн.
5. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөніндегі мемлекеттік комитетi Жаңатас және Қаратау қалаларының аумағындағы объектiлерге берiлген жеке меншiкке сатылатын жерлерге жартылай шөлейт және шөлейт аумақтарға орналасқан селолық елдi мекендердiң жерлерiне төленетiн төлем ставкалары бойынша бағалау жүргiзсiн.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Үкiмет Аппаратының Аумақтық даму бөлiмi мен Қаржы, еңбек және ақша айналысы бөлiмiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары