"Нұрсат" бiрлескен кәсiпорнының мәселелерi Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 13 қараша № 1376
"Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы құрлықаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын құрту, авариялық жағдайлардың зардаптарын жою және ядролық қаруды таратуды болдырмауға қатысты келісімдi жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 4 қазандағы № 1300 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы Етедi:
1. Аталған қаулыға және "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 4 қазандағы № 1300 қаулысына өзгерiс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1334 қаулысына сәйкес конверсиялық телекоммуникациялық жобаны iске асыруды "Нұрсат" қазақстан-американ бiрлескен кәсiпорны жүзеге асырады деп белгiленсiн.
"Нұрсат" қазақстан-американ бiрлескен кәсiпорны Жарғысында көзделген қызметiнен басқа, сондай-ақ үкiметтiк және арнаулы байланыстарды толық көлемде жүзеге асыруда бiрiншi талап етуi бойынша қызмет көрсетедi деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі бiр апта мерзiмде "Нұрсат" қазақстан-америка бiрлескен кәсiпорнына телерадиохабарлары қызметiн көрсетуге және "Нұрсат" телекоммуникациялар жүйесi арқылы деректер беру қызметiн көрсетуге лицензия беретiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi