Введите номер документа
Прайс-лист

Қазақстан Республикасы Президентінің Малайзияға және Малайзия Премьер-Министрінің Қазақстан Республикасына ресми сапары барысындағы қол жеткізілген келісімдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1996 жылғы 21 қараша № 1419

Информация о документе
Датачетверг, 21 ноября 1996
Статус
Действующийвведен в действие с 21 ноября 1996
Дата последнего изменениячетверг, 21 ноября 1996

Қазақстан Республикасы Президентінің Малайзияға және Малайзия
Премьер-Министрінің Қазақстан Республикасына ресми сапары барысындағы
қол жеткiзiлген келісімдер мен уағдаластықтарды жүзеге
асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң Қаулысы 1996 жылғы 21 қараша № 1419

Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы мамырдағы Малайзияға және Малайзия Премьер-Министрінің 1996 жылғы шiлдедегi Қазақстан Республикасына ресми сапары барысындағы қол жеткiзiлген келісімдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру және бұдан былай қазақстан-малайзия ынтымақтастығын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

1. Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы мамырдағы Малайзияға және Малайзия Премьер-Министрінің 1996 жылғы шiлдедегi Қазақстан Республикасына ресми сапары барысындағы қол жеткiзiлген келісімдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар жоспары бекітілсiн (қоса берiлiп отыр).

2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттік комитеттерi, өзге орталық және жергiлiктi атқарушы органдары шаралар жоспарында көзделген тапсырманы орындау жөнiнде нақты шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі жарты жылда кемiнде бiр рет осы қаулының орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне хабарлап отырсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                    Қазақстан Республикасы
                                          Үкіметінiң
                                    1996 жылғы 21 қарашадағы
                                      № 1419 қаулысымен
                                             бекітілген
 
        Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы мамырдағы
        Малайзияға және Малайзия Премьер-Министрінің 1996 жылғы
        шiлдедегi Қазақстан Республикасына ресми сапары барысындағы
        қол жеткiзiлген келісімдер мен уағдаластықтарды жүзеге
                      асыру жөніндегі шаралар
                             ЖОСПАРЫ
___________________________________________________________________
 N |            Шаралар                  |   Мазмұны
р/с|                                     |
___________________________________________________________________
 1               2                              3
--------------------------------------------------------------------
     I. Мынадай екiжақты құжаттар әзiрлеу
 
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен   Сарапшылардың келiссөздерiн
   Малайзия Үкіметі арасындағы қос салық   жүргiзу
   салудан қашу және табысқа салық
   төлеуден жалтаруды болдырмау туралы
   келісім
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен   Жобаны талқылау және
   Малайзия Үкіметі арасындағы             қол қою
   азаматтардың өзара жол сапарлары мен
   виза алу тәртібі туралы келісім
3. Туризм саласындағы ынтымақтастық        Бұл да сол
   туралы ниет хаттамасы
4. Қазақстан Республикасы мен Малайзия     Жобаны әзiрлеу, Малайзия
   білім министрлігінiң арасындағы білім   жағымен талқылау
   саласындағы ынтымақтастық туралы
   келісім
 
     II. Қазақстан Республикасы мен Малайзия Үкiметтерi арасындағы
         Сауда келісімiнiң 10-бабына сәйкес Бiрлескен
         сауда-экономикалық комитетiн құру туралы
 
5. Бiрлескен сауда-экономикалық            Құру
   комитетiнiң қазақстандық бөлiгiн
   құру
 
     III. Ресми сапарларды жүргiзу
 
6. Қазақстан Республикасы Көлiк және       Мерзiмдерiн келiсу,
   коммуникациялар министрiнiң             құжаттарды хаттамалық,
   Малайзияға сапары                       мәселелер, пысықтау
 
     IY. Әртүрлiлер
 
7. Жемiс-көкөнiс кешенiнде БК құру          Әрiптестердi анықтау
   жобасын пысықтау
8. а) Ақмола қаласының және оның ықпал     Малайзия 1996 жылдың
   аймағының құрылысын салуды              жағына табыс IY тоқсаны
   инвестициялаудағы жеңiлдiктi            ету
   жағдайлар туралы материалдарды пысықтау
   б) малайзия жағымен астана қалаларын
     жобалау тәжiрибесiмен пiкiр алмасу
9. Екi елдiң астаналарында көрмелер мен    Малайзия жағымен келiсу
   жәрмеңкелер ұйымдастыру мүмкiндiгiн
   пысықтау
10.Малайзия жағымен Қазақстанның жұмыс     Малайзия жағымен келiсу
   күшiн экспорттау туралы мәселенi
   пысықтау
11.Тiкелей инвестициялау есебiнен шетел    Малайзия жағымен
   қаржыландыруға ұсынылатын оларда жол    келiссөздер жүргiзу
   сервисiн дамыту арқылы автомобиль
   жолдарының құрылысын салу мен қайта
   жаңарту жобаларының тiзбесiн әзiрлеу
12.Трансазия және Евразия көлiк            Бұл да сол
   қатынастарын қалыптастыру
   бағдарламасы бойынша ақпарат әзiрлеу
13.Шетел заемдарын және тiкелей            Малайзия жағына
   инвестициялар есебiнен қаржыландыруға   әзiрлеп, ұсыну
   ұсынылатын телекоммуникация
   объектiлерiн дамыту, жетiлдiру және
   қайта жаңарту жобаларының тiзбесiн
   әзiрлеу
14.Шетел капиталын тарту арқылы қайта      Малайзия жағына
   жаңарту мен жетiлдiрудi талап ететiн    әзiрлеп, ұсыну
   Қазақстан Республикасының әуе жайлары
   жөнiнде шолу ақпаратын әзiрлеу
___________________________________________________________________
     Орындалу  |   Орындауға жауаптылар     | Бақылауға
     мерзiмi   |                            |жауаптылар
___________________________________________________________________
        4      |             5              |          6
___________________________________________________________________
   1997 жылдың    Қаржыминi, Мемсалықкомы,   Қаржы және әлеуметтiк
   II тоқсаны     Әдiлетминi, Сыртқыiсминi   реформалар бөлiмi
 
   1997 жылдың    Сыртқыiсминi, Iшкiiсминi,  Сыртқы байланыстар
   I жарты        ҰҚК, Әдiлетминi            және хаттама бөлiмi
   жылдығы
 
   1997 жылдың     Жастурспортминi,           Әлеуметтiк-мәдени
   I жарты        Сыртқыiсминi               даму бөлiмi
   жылдығы
 
   1997 жылдың    Бiлiмминi, Әдiлетминi,     Әлеуметтiк мәдени
   I жарты        Сыртқыiсминi               даму бөлiмi
   жылдығы
 
   1997 жылдың    Құрылысминi,               Сыртқы байланыстар
   IY тоқсаны     Өнеркәсiпсаудаминi,        және хаттама бөлiмi
                  Экономминi, Қазақстан
                  Эксимбанкi
   1997 жылдың    Көлiккомминi,              Кәсiпорындарды
   II тоқсаны     Сыртқыiсминi               реформалау бөлiмi
 
   1997 жылдың    Ауылшарминi                Аграрлық сектордағы
   I тоқсаны                                 реформалар бөлiмi
 
   1996 жылдың    Қазақстан Республикасының  Қазақстан Республикасының
   IY тоқсаны     Жоғары және орталық        Жоғары және орталық
                  меморгандары Ақмола        меморгандары Ақмола
                  қаласына көшiру жөніндегі  қаласына көшiру
                  мемкомиссиясы              жөніндегі мемкомиссиясы
 
   1997 жылдың    Сауда-өнеркәсiп палатасы   Сыртқы байланыстар
   II тоқсаны                                және хаттама бөлiмi
 
   1997 жылдың    Еңбекминi, Сыртқыiсминi    Қаржы және әлеуметтiк
   I тоқсаны                                 реформалар бөлiмi
 
   1997 жылдың    Көлiккомминi               Кәсiпорындарды
   I тоқсаны                                 реформалау бөлiмi
 
   1997 жылдың    Көлiккомминi               Кәсiпорындарды
   I тоқсаны                                 реформалау бөлiмi
 
   1997 жылдың    Көлiккомминi "Қазтелеком"  Кәсiпорындарды
   II тоқсаны           ҰАК                  реформалау бөлiмi
 
   1997 жылдың    Көлiккомминi               Кәсiпорындарды
   I тоқсаны                                 реформалау бөлiмi 
     
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами