Қазынашылық облигациялар туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
өкімі 1996 жылғы 14 наурыздағы № 114
"1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2700 Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн және директивалық кредиттер мен iшкiреспубликалық есептеу нәтижелерi бойынша берiлген кредиттердi қайтаруды қамтамасыз ету мақсатында:
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң үкiмет кепiлiне берiлген директивалық кредиттер мен 1994 жылы өткiзiлген кәсiпорындар мен ұйымдардың өзара берешектерiн, iшкiреспубликалық есептеу нәтижелерi бойынша берiлген кредиттер жөніндегі берешектерiн, сондай-ақ оларды пайдаланғаны үшiн өсiмдердi өтеу үшiн қазынашылық облигацияларын пайдалану туралы ұсынысы қабылдансын.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
бiр апта мерзiм iшiнде директивалық кредиттер мен iшкiреспубликалық есептеу нәтижелерi бойынша берiлген кредиттер жөніндегі берешектердi қазынашылық облигацияларымен өтеу ережесін әзiрлеп, бекiтсiн;
шаруашылық жүргiзушi субъектiлерден Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Қазынашылық облигацияларын шығару туралы" 1996 жылғы 8 ақпандағы № 185 және "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң шұғыл айналыстағы вексельдерi мен вексельдiк мiндеттемелерiн қазынашылық облигацияларға айналдыру туралы" 1996 жылғы 8 ақпандағы № 178 қаулыларына сәйкес шығарылған қазынашылық облигацияларын директивалық кредиттер мен iшкiреспубликалық есептеу нәтижелерi бойынша берiлген кредиттер жөніндегі берешектi өтеу есебiне, оларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң тағайындалған депозитарлы-банкіндегі арнаулы депо-шотына аудару арқылы қабылдансын.
Премьер-Министр