Бiрлескен кәсiпорындардың қызметiн тәртiпке келтiру туралы Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1996 жылғы 19
қараша № 520-ө
Мемлекеттiң қатысуымен мемлекеттік кәсiпорындар мен шаруашылық серiктестiктерi құрылтайшы болған бiрлескен кәсiпорындардың қызметiн тәртiпке келтiру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетi Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгiмен, мүдделi министрлiктермен, мемлекеттік комитеттермен және өзге де орталық атқарушы органдармен бiрлесiп үш ай мерзiмде мемлекеттiң қатысуымен мемлекеттік кәсiпорындар мен шаруашылық серiктестiктерi құрған бiрлескен кәсiпорындардың жарғылық қорындағы мемлекеттiң үлесiн айқындасын.
Жүргiзiлген жұмыстың нәтижесi бойынша аталған бiрлескен кәсiпорындардың тiзiлiмiн жасасын.
2. Бiрлескен кәсiпорындардағы мемлекеттік үлеске иелiк ету құқығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлiктi басқару жөніндегі мемлекеттік комитетiне қалдырылады деп айқындалсын.
3. Осы өкiмнiң орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Аппаратына жүктелсiн.
Премьер-Министрi