Мемлекеттік резервтен автошиналар бөлу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 1997 жылғы 29 шілдедегі № 248
Найдено 0 совпадений
Сообщить об ошибке
Подтвердите, что вы не робот
Мемлекеттік резервтен автошиналар бөлу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 1997 жылғы 29 шiлдедегi N 248
1. Қостанай облысы әкімінiң автокөлiк құралдарын 1997 жылы астық жинауға дайындау үшiн Қостанай облысының литерлi автокәсiпорындарына мемлекеттік резервтен саны 3500 дана 260х508 автошиналар бөлу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитетi 1997 жылдың 1 қарашасына дейiн қайтару және Қостанай облысы әкімінiң кепiлдiктi мiндеттемесiмен тауарлық несиенi пайдалану кезеңіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы бойынша республикалық бюджеттiң кiрiсiне проценттер төлеу шартымен жоғарыда көрсетiлген мақсатқа мемлекеттік резервтен жаңарту тәртібімен 3500 дана мөлшерi 260х508 автошиналар босатсын.
3. Осы өкiмнiң атқарылуына бақылау жасау Қостанай облысының әкіміне жүктелсiн.
Премьер-Министрi
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами