Несие ресурстарын тарту туралы шарттарды жасасу туралы Қазақстан
Республикасы Үкіметінiң Қаулысы 1998 жылғы 8 маусымдағы
№ 105-ө
Мемлекет мүдделерiн қамтамасыз ету және акциялардың мемлекеттік бақылау пакеттерi бар жекелеген акционерлік қоғамдардың және "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының несие ресурстарын тартуын ретке келтiру мақсатында:
1. "Қазақстан темір жолы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнына қатысты Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы", "ҚазТрансОйл" ұлттық акционерлік мұнай құбыры компаниясы", "Қазатомпром" ұлттық акционерлік компаниясы", "KEGOC", "Эйр Казахстан", "Мемазықтүлiккорпорациясы" акционерлік қоғамдарына қатысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру департаментi заңдарда белгiленген тәртiппен:
аталған ұйымдардың бiрiншi басшыларына несие ресурстарын тарту туралы шарттарды жасасуды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келiсу мiндеттемелерiн жүктеудi;
бiрiншi басшыларға Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі әзiрлеген және бекiткен ережеде көзделген несие ресурстарын тарту туралы ақпаратты бермегенi және уақтылы бермегенi үшiн жауапкершiлiктi жүктеудi;
жарғыларды аталған ұйымдар органдарының (директорының, президентінің, басқармасының, байқаушы кеңесiнiң) осы ұйымдардың мүлкiне билiк жүргiзу (иелiктен алу, кепiлге беру) жөніндегі құқықтық мүмкiндiктерiн барынша аз мөлшерге дейiн қысқарту бөлiгiнде өзгертудi қамтамасыз етсiн.
2. Осы өкiмнiң 1-тармағының төртiншi абзацының орындалғаны туралы 1998 жылдың 16 маусымына дейiн Үкiметке ақпарат берiлсiн.
Премьер-Министрi