Введите номер документа
Прайс-лист

Мұнай мен көмірге ренталық төлемдердің ставкасын белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 12 тамыз 1992 ж. № 672

Информация о документе
Датасреда, 12 августа 1992
Статус
Действующийвведен в действие с 12 августа 1992
Дата последнего изменениясреда, 12 августа 1992

Мұнай мен көмiрге ренталық төлемдердiң ставкасын белгiлеу туралы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің қаулысы 12
тамыз 1992 ж. № 672

"Тiркелген (ренталық) төлемдер туралы" және "Қазақстан Республикасының 1992 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

1. 1992 жылғы 1 маусымнан бастап екi еселенген орташа салалық рентабельдiлiктi асырған жағдайда "Маңғышлақмұнай" өндiрiстiк бiрлестiгi өндiретiн мұнайға ренталық төлем ставкасы бiр тоннадан 765 сом, "Теңiзмұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгi өндiретiн мұнайға - тоннасынан 140 сом, "Қаражанбастерммұнай" өндiрiстiк бiрлестiгi өндiретiн мұнайға - тоннасынан 755 сом, "Оңтүстiкқазмұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгi өндiретiн мұнайға - тоннасынан 430 сом мөлшерiнде белгiленсiн.

     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi -  Қазақстан Республикасы
              Министрлер Кабинетінің 1992.09.30. № 905 қаулысымен.

2. "Қарағандыкөмiр" өндiрiстiк бiрлестiгiне Қарағанда "Екiбастұзкөмiр" өндiрiстiк бiрлестiгiнде айрықша қолайлы кен-геологиялық жағдайына орай сараланған таза табыс құралып отыр.

Осыған байланысты 1992 жылғы 1 маусымнан бастап "Екiбастұзкөмiр" өндiрiстiк бiрлестiгi өндiретiн көмiрге тiркелген (ренталық) төлем ставкасы бiр тоннадан 115 сом мөлшерiнде белгiленсiн.

     Қазақстан Республикасының

Премьер-министрi

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами