Введите номер документа
Прайс-лист

Мүдделі тараптар өкілдерінің «Аджип Қарашығанақ Б.В.» және «Бритиш Газ эксплорейшн энд Продакшн Лимитед» компанияларының филиалдарынан бюджеттік міндеттемелерді өндіріп алу мәселесі бойынша бірыңғай пікірін пысықтау жөніндегі арнаулы комиссия құру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі 1999 жылғы 24 наурыз № 37-ө

Информация о документе
Датасреда, 24 марта 1999
Статус
Действующийвведен в действие с 24 марта 1999
Дата последнего изменениясреда, 24 марта 1999

Мүдделі тараптар өкілдерінің "Аджип Қарашығанақ Б.В." және "Бритиш
Газ эксплорейшн энд Продакшн Лимитед" компанияларының
филиалдарынан бюджеттік міндеттемелерді өндіріп алу мәселесі
бойынша бірыңғай пікірін пысықтау жөніндегі арнаулы комиссия
құру туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Өкімі
1999 жылғы 24 наурыз № 37-ө

1998 жылғы тамызда "Аджип Қарашығанақ Б.В." және "Бритиш Газ эксплорейшн энд Продакшн Лимитед" компанияларының филиалдарын салықтық тексерудің нәтижесінде пайда болған келіспеушіліктерді қарау мақсатында:

     1. Мына құрамда ведомствоаралық комиссия құрылсын:
 
     Кәкімжанов Зейнолла       - Қазақстан Республикасының
     Халидоллаұлы                Мемлекеттік кіріс министрі,
                                 Комиссияның төрағасы
 
     Сәйденов Әнуар            - Қазақстан Республикасы
     Ғалимоллаұлы                Инвестициялар жөніндегі
                                 агенттігінің төрағасы, Комиссия
                                 төрағасының орынбасары
 
                   Комиссия мүшелері:
 
     Ертілесова Жанат          - Қазақстан Республикасының
     Жұрғалиқызы                 Қаржы бірінші вице-министрі
 
     Досаев Ерболат            - Қазақстан Республикасының
     Асқарбекұлы                 Энергетика, индустрия және
                                 сауда вице-министрі
 
     Уәйісов Мерей             - Қазақстан Республикасының
     Құрманұлы                   Әділет вице-министрі
 
     Қаппаров Нұрлан           - "Қазақойл" ұлттық мұнайгаз
     Жамбылұлы                   компаниясының президенті
 

2. Комиссия 1999 жылдың 25 сәуіріне дейін мерзімде:

- компаниялардың уәкілетті өкілдерімен аталған мәселе бойынша көзқарастарды және пайда болған келіспеушіліктерді шешудің жолдарын айқындау үшін келіссөздер жүргізсін;

- келісім-шарттардың терминдері мен редакцияларының мәндерін айқындау жөнінде келісілген көзқарастарға келсін;

- қажет болған жағдайда жер қойнауын пайдалануға арналған келісім шарттарға мүмкін болатын өзгерістер енгізуді айқындасын;

- жүргізілген салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша бюджеттік міндеттемелер жөнінде келісілген ұсыныстар енгізсін.

3. 1999 жылдың 1 мамырына Қазақстан Республикасының Үкіметіне жасалған жұмыс туралы ақпарат ұсынсын.

Премьер-Министр


Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами