Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
1997 жыл 14 наурыздағы № 324 қаулысы

ҚР Үкіметінің 2005.09.02. № 124 қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi:

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

1. "1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметі шараларының кең ауқымды Жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы № 1533 қаулысымен бекітілген қосымшадағы:

"Реформаларды заңдық қамтамасыз ету" деген ҮII тараудағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы және мұнай туралы" деген реттiк нөмiрi 112-жолдардағы /"Шетелдiк инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлуiне байланысты/ 4-бағандағы "1997 жылғы қаңтар" деген сөздер "1997 жылғы маусым" деген сөздермен ауыстырылсын.

"Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылға арналған заң жобалары жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 7 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 1997 жылға арналған заң жобалары жұмыстарының жоспарындағы реттiк нөмiрi 10 және 12-жолдар алынып тасталсын;

реттiк нөмiрi 47а мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

     "47а  "Жер қойнауы және жер       Экономсаудаминi,   мамыр.
            қойнауын пайдаланушылар    Қаржыминi,         маусым,
            туралы" және "Мұнай        Әдiлетминi         шiлде
            туралы" Қазақстан         --------------
            Республикасы Президен.     Кәсiпорындар
            тiнiң Заң күшi бар         реформасы
            Жарлықтарына /"шетел       бөлiмi
            инвестициялары туралы"
            Қазақстан Республикасының
            Заңына өзгерістер мен
            толықтырулар енгiзiлуiне
            байланысты/ өзгерістер
            мен толықтырулар енгізу
            туралы
 
     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрінің
        бiрiншi орынбасары