Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 194
қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2001 жылғы 25 наурыздағы № 381 қаулысы

Қазақстан Республикасы астанасының кешенді дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. "Астана қаласын дамытудың бас жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 ақпандағы № 194 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

2, 4 және 6-тармақтар алынып тасталсын.

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

 

 

 

 

 

 

 

Қ. Тоқаев