ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының 2005.12.12. № 554 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Салық комитеті Төрағасының
2004 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 625 бұйрығымен бекітілген
Әлеуметтік салық бойынша Декларация жасау
ережелері (620.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ережелер “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық Кодексі) 11-бөліміне сәйкес әзірленген және бюджетпен есеп айырысуды бір жолғы талондардың негізінде жүзеге асыратындарды қоспағанда, жеке кәсіпкерлердің, жеке нотариустардан, адвокаттардың (бұдан әрі - жеке тұлғалар) әлеуметтік салықты есептеуі мен уақтылы төлеуіне арналған Әлеуметтік салық бойынша декларацияны (бұдан әрі - Декларация) жасау тәртібін айқындайды.
2. Декларация жасау кезінде:
1) қағаз тасығышта - қалам немесе қаламұшпен, қара немесе көк сиямен, баспа белгілерімен немесе баспа құрылғысын пайдалана отырып толтырылады;
2) электрондық тасығышта-Салық кодексінің 69-бабына сәйкес толтырылады.
3. Декларацияны толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді.
4. Көрсеткіштер жоқ болған кезде тиісті торкөздер толтырылмайды.
5. Декларацияны беру кезінде:
1) қағаз тасығышта келу тәртібімен екі данада жасалады, бір данасы салық органының белгісімен салық төлеушіге қайтарылады;
2) хабарламамен тапсырысты хатпен қағаз тасығышта почта бойынша - салық төлеуші почта немесе байланыстың өзге ұйымының хабарламасын алады;
3) Салық кодексінің 69-бабындағы 8-тармақтың 3) тармақшасына сәйкес келу тәртібімен немесе электрондық почта бойынша электрондық түрде- салық төлеуші Декларацияны қабылдау (жеткізу) туралы хабарламаны салық органында немесе электрондық почта бойынша алады.
6. Декларацияға Салық кодексінің 69-бабына сәйкес қол қойылады және куәландырылады.
2. Декларацияны жасау (620.00-нысан)
7. “Салық төлеуші туралы жалпы ақпарат” бөлімінде салық төлеуші мынадай деректерді көрсетеді:
1) салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
2) Декларация берілетін есепті кезең. Декларацияны беру үшін есепті кезең есепті тоқсан болып табылады. Есепті кезең араб сандарымен көрсетіледі;