Введите номер документа
Прайс-лист

«Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 18 ақпандағы № 56-НҚ бұйрығы

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датапятница, 18 февраля 2005
Статус
Действующийвведен в действие с
Дата последнего измененияпятница, 18 февраля 2005

«Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің 2005 жылғы 18 ақпандағы № 56-НҚ бұйрығы

 

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, 14-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі туралы ереженің 18-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөлімі туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 16-НҚ бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:

кіріспедегі «11-тармағының 18) тармақшасына» деген сөздер «18-тармағының 1) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне:

«Мемлекеттік тіркелімнің реепубликалық бөліміне енгізу негізі» деген реттік нөмірі 1-жолдағы баған (бұдан әрі - 6-баған) және мәтін бойынша «табысы» деген сөздің алдынан «жылдық» деген сөзбен толықтырылсын;

«реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрі» деген реттік нөмірі 11-жолдағы баған (бұдан әрі - 4-баған) мынадай редакцияда жазылсын:

«жай хаттарды, жай почталық карточкаларды, жай бандерольдерді жөнелту»;

реттік нөмірі 30-жолдың 4-бағанындағы «жылу» деген сөз «электр» деген сөзбен ауыстырылсын;

реттік нөмірі 39-жолдағы:

«табиғи монополиялар салалары» деген баған (бұдан әрі - 3 баған) мынадай редакцияда жазылсын:

«электр және (немесе) жылу энергиясын беру және (немесе) бөлу жөніндегі қызметтер, жылу энергиясын өндіру жөніндегі қызметтер, кірме жолдардың қызметтері, су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің қызметтері»;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами