“Лицензиялар беру туралы”
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 379 бұйрығы
«Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына, «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы заңының 8-бабына және «Адвокаттық қызмет пен нотариустардың қызметін лицензиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 27 ақпандағы № 254 қаулысының 13,14-тармақтарына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
1. Тұрақты судья Рабиға Нұржанқызы Қоқановаға адвокаттық қызметпен айналысу кұқығына лицензия берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет біліктілік алқасында судья лауазымына біліктілік емтихан тапсырған мына адамдарға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензия берілсін.
Гүлжан Ерболатқызы Омароваға
Амантай Төлепбергеновке
3. Прокуратура органдарында он жылдан астам прокурор болып жұмыс атқарған және адвокаттар алқасында тағлымдамадан өткен мына адамдарға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензия берілсін:
Әділ Амантайұлы Бакинге
Асқарбек Адылбекұлы Белгібаевқа
Хәкім Дүйсешұлы Көшқалиевқа
4. Тергеу жөне анықтау органдарында он жылдан астам тергеуші болып жұмыс аткарған және адвокаттар алкасында тағлымдамадан өткен Бақытбай Науқаниязұлы Махамбетовқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына мемлекеттік лицензия берілсін.