“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 26 қаңтардағы
№ 82 қаулысына өзгерістер енгізу туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі № 395 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 407 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Көшi-қон және демография мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 26 қаңтардағы № 82 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 3, 43-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
тақырыбында және мәтiнде "және демография" деген сөздер алынып тасталсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Көшi-қон және демография мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі комиссияның құрамында:
тақырыбында "және демография" деген сөздер алынып тасталсын;
Көшi-қон және демография мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Қарақұсова - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлжан Жанпейiсқызы халықты әлеуметтiк қорғау министрi,
төрайым
Әбдиев - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Жазбек Ниетұлы әлеуметтiк қорғау министрлігі Көшi-қон
комитетiнiң төрағасы, төрайымның
орынбасары
Бисембаева - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Бағила Мүбәракқызы әлеуметтiк қорғау министрлігінiң
Көшi-қон комитетi төрағасының орынбасары,
хатшы
Досжан - Қазақстан Республикасының Мәдениет,
Ардақ Дүкенбайұлы ақпарат және спорт вице-министрi
Тұңғышбеков - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Санат Тұңғышбекұлы министрлігі Ауылдық аумақтар iстерi
комитетiнiң төрағасы
Сизов - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Александр Павлович басқару агенттiгi төрағасының бiрiншi
орынбасары
Ысқақов - Қазақстан Республикасы
Ержан Сағиұлы Премьер-Министрiнің Кеңсесi
Әлеуметтік-мәдени даму бөлiмiнiң бас
сарапшысы
Пiстаев - Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
Марат Құрманәлиұлы министрлігі Көшi-қон полициясы
департаментінiң бастығы;
мына:
"Қалетаев - Қазақстан Республикасы Президентінің
Дархан Аманұлы Әкiмшiлiгi Iшкi саясат бөлiмiнiң
меңгерушiсi (келісім бойынша)"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қалетаев - Қазақстан Республикасы Президентінің
Дархан Аманұлы Әкiмшілiгi Әлеуметтiк-саяси бөлiмiнiң
меңгерушiсi (келісім бойынша)";
көрсетiлген құрамнан Есiмов Ахметжан Смағұлұлы, Әбдiмомынов Азамат Құрманбекұлы, Жағанова Алтыншаш Қайыржанқызы, Қаржаубаев Аслан Жұмағалиұлы, Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы, Әшiтов Батыржан Зайырқанұлы, Жампейiсов Амангелдi Сүйiмбайұлы, Мусина Лилия Сәкенқызы, Отто Иван Иванович, Рябченко Олег Григорьевич шығарылсын;
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Көшi-қон және демография мәселелерi бойынша ұсыныстар әзiрлеу жөніндегі комиссия туралы ережеде:
тақырыбында және мәтiнде "және демография" деген сөздер алынып тасталсын;
8-тармақта "Қазақстан Республикасының Көшi-қон және демография жөніндегі агенттiгi" деген cөздeр "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің Көшi-қон комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
| Премьер-Министрі | Д. Ахметов |