Введите номер документа
Прайс-лист

«Казақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы № 449 Қаулысы (күші жойылды)

Скачать в Word

Скачать документ в формате .docx

Информация о документе
Датачетверг, 12 мая 2005
Статус
Утратил силу
утратил силу с 11 февраля 2009

Казақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 мамырдағы № 449 Қаулысы

 

ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 45 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. "Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы № 1362 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсiн:

көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттік сыныптамасында:

1) бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасында:

1 "Салықтық түсiмдер" санатында:

06 "Халықаралық сауда мен сыртқы операцияларға салынатын салықтар" сыныбында:

1 "Кеден төлемдерi" iшкi сыныбында мынадай мазмұндағы 05 ерекшелiкпен толықтырылсын:

"05 Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кеден аумағына оңайлатылған тәртiппен әкелiнетiн тауарларға жиынтық кедендiк төлем";

3 "Негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер" санатында:

01 "Мемлекеттік мекемелерге бекiтілген мемлекеттік мүлiктi сату" сыныбында:

1 "Мемлекеттік мекемелерге бекiтілген мемлекеттік мүлiктi сату" iшкi сыныбында мынадай мазмұндағы 03 ерекшелiкпен толықтырылсын:

"03 Азаматтарға пәтерлер сатудан түсетiн түсiмдер";

2) бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер көрсету" функционалдық тобында:

1 "Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар" кiшi функциясында:

112 "Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аппараты" бюджеттік бағдарламаларының әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 100 және 109 бағдарламалармен толықтырылсын:

"100 Iс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң төтенше резерві есебiнен жүргiзу

109 Іс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен жүргiзу";

122 "Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінiң аппараты" бюджеттік бағдарламаларының әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 100 және 109 бағдарламалармен толықтырылсын:

"100 Іс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебiнен жүргізу

109 Іс-шараларды Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шұғыл шығындарға арналған резервi есебiнен жүргiзу";

123 "Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінiң аппараты" бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 100 және 109 бағдарламалармен толықтырылсын:

"100 Iс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң төтенше резервi есебiнен жүргiзу

109 Iс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шұғыл шығындарға арналған резервi есебінен жүргізу";

2 "Қаржылық қызмет" кішi функциясында:

452 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлiмi" бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 100 және 109 бағдарламалармен толықтырылсын:

"100 Iс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервi есебiнен жүргiзу

109 Іс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шұғыл шығындарға арналған резервi есебiнен жүргізу";

459 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлiмi" бюджеттік бағдарламаларының әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 100 және 109 бағдарламалармен толықтырылсын:

"100 Iс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервi есебiнен жүргiзу

109 Iс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шұғыл шығындарға арналған резервi есебiнен жүргiзу";

5 "Жоспарлау және статистикалық қызмет" кiшi функциясында:

453 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлiмi" бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 100 және 109 бағдарламалармен толықтырылсын:

"100 Іс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебiнен жүргiзу

109 Іс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шұғыл шығындарға арналған резервi есебiнен жүргізу";

05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:

9 "Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер" кiшi функциясында:

373 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Құрылыс департаментi (басқармасы)" бюджеттік бағдарламаларының әкiмшiсi бойынша 009 "Алматы қаласындағы денсаулық сақтау объектiлерiн сейсмикалық күшейту" бағдарламасы мынадай мазмұндағы 011 кiшi бағдарламамен толықтырылсын:

"011 Бағдарламаны республикалық бюджеттен берiлетiн ресми трансферттер есебiнен iске асыру";

06 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық тобында:

9 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету саласындағы өзге де қызметтер" кiшi функциясында:

451 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" бюджеттік бағдарламаларының әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 100 және 109 бағдарламалармен толықтырылсын:

"100 Iс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң төтенше резервi есебiнен жүргiзу

109 Iс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шұғыл шығындарға арналған резервi есебiнен жүргiзу";

08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiк" функционалдық тобында:

1 "Мәдениет саласындағы қызмет" кiшi функциясында:

455 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тiлдерді дамыту бөлімі" бюджеттік бағдарламаларының әкiмшiсi бойынша 004 "Мәдениет объектiлерiн дамыту" бағдарламасы алынып тасталсын;

9 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөніндегі өзге де қызметтер" кiшi функциясында:

455 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәдениет және тiлдердi дамыту бөлiмi" бюджеттік бағдарламаларының әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 100 және 109 бағдарламалармен толықтырылсын:

"100 Іс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкiметінiң төтенше резервi есебiнен жүргізу

109 Iс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметiнің шұғыл шығындарға арналған резервi есебiнен жүргізу";

456 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) iшкi саясат бөлiмi" бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 100 және 109 бағдарламалармен толықтырылсын:

"100 Іс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң төтенше резервi есебiнен жүргiзу

109 Iс-шараларды Қазақстан Республикасы Yкіметінiң шұғыл шығындарға арналған резервi есебiнен жүргiзу";

460 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) iшкi саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлiмі" бюджеттік бағдарламаларының әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 100 және 109 бағдарламалармен толықтырылсын:

"100 Iс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң төтенше резервi есебiнен жүргізу

109 Iс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шұғыл шығындарға арналған резервi есебiнен жүргiзу";

10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесiн қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:

9 "Ауыл, cу, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау мен жер қатынастары саласындағы өзге де қызметтер" кiші функциясында:

450 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі" бюджеттік бағдарламаларының әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 100 және 109 бағдарламалармен толықтырылсын:

"100 Iс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң төтенше резервi есебiнен жүргiзу

109 Iс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебiнен жүргiзу";

11 "Өнеркәсiп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi" функционалдық тобында:

2 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi" кiшi функциясында:

457 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қала құрылысы және құрылыс бөлiмi" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы 100 және 109 бағдарламалармен толықтырылсын:

"100 Iс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң төтенше резервi есебiнен жүргізу

109 Іс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шұғыл шығындарға арналған резервi есебінен жүргiзу";

13 "Басқалар" функционалдық тобында:

9 "Басқалар" кiшi функциясында:

454 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бiлім беру және спорт бөлiмi" бюджеттік бағдарламаларының әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 100 және 109 бағдарламалармен толықтырылсын:

"100 Iс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкiметінiң төтенше резервi есебiнен жүргізу

109 Iс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервi есебiнен жүргiзу";

458 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгі және автомобиль жолдары бөлiмi" бюджеттік бағдарламаларының әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 100 және 109 бағдарламалармен толықтырылсын:

"100 Iс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң төтенше резервi есебінен жүргізу

109 Iс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шұғыл шығындарға арналған резервi есебiнен жүргізу";

461 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi" бюджеттік бағдарламаларының әкiмшiсi бойынша мынадай мазмұндағы 100 және 109 бағдарламалармен толықтырылсын:

"100 Iс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң төтенше резервi есебiнен жүргiзу

109 Iс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шұғыл шығындарға арналған резервi есебінен жүргiзу";

3) бюджеттік шығыстардың экономикалық сыныптамасында:

4 "Қаржы активтерiн сатып алу" санатында:

6 "Қаржы активтерiн сатып алу" сыныбында:

610 "Қаржы активтерiн сатып алу" iшкi сыныбында:

612 "Мемлекеттік кәсiпорындардың жарғылық капиталын қалыптастыру" ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

612 "Мемлекеттік кәсiпорындардың жарғылық капиталын қалыптастыру және ұлғайту".

2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

Д. Ахметов

 

 

Документ утратил силу

Укажите название закладки
Создать новую папку
Закладка уже существует
В выбранной папке уже существует закладка на этот фрагмент. Если вы хотите создать новую закладку, выберите другую папку.
Режим открытия документов

Укажите удобный вам способ открытия документов по ссылке

Включить или выключить функцию Вы сможете в меню работы с документом

Доступ ограничен
Чтобы воспользоваться этой функцией, пожалуйста, войдите под своим аккаунтом.
Если у вас нет аккаунта, зарегистрируйтесь
Обратная связь
Оставьте свои контактные данные и наш менеджер свяжется с вами