Жоба
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2005.29.06. № 645 қаулысымен ҚР Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгiзiлді
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:
1) "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 15 қазандағы № 702 Жарлығына:
1-тармақта:
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесiнiң мүшесi болып Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi - Балиева Зағипа Яхияқызы тағайындалсын;
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесiнiң құрамынан О.И. Жұмабеков шығарылсын;
2) "Мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 24 қазандағы № 713 Жарлығына:
Мемлекеттік басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiктердi ажырату және бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру мәселелерi жөніндегі мемлекеттік комиссияның құрамына Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi - Балиева Зағипа Яхияқызы төрағаның орынбасары болып енгiзiлсiн;
көрсетiлген Мемлекеттік комиссияның құрамынан О.И. Жұмабеков шығарылсын;
3) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 6, 44-құжат; № 39, 396-құжат; 2003 ж., № 18, 180-құжат; 2004 ж., № 4, 50-құжат):
жоғарыда аталған өкiммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестiң дербес құрамына Қазақстан Республикасының Әдiлет министрi - Балиева Зағипа Яхияқызы енгізiлсiн;
көрсетілген Кеңестiң құрамынан О.И.Жұмабеков шығарылсын;