«Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру ұйымдары
басшыларын аттестаттауды өткізу тәртібінің ережелерін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін
атқарушының 2004 жылғы 22 қазандағы № 854 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2005 жылғы
27 шілдедегі № 507 Бұйрығы
ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 ж.21 мамырдағы № 291 бұйрығымен күші жойылды
"Бюджеттік қатынастар мен мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді шектеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларын аттестаттауды өткізу тәртібінің ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3231 тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 22 қазандағы № 854 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларын аттестаттауды өткізу тәртібінің ережесінде:
Ереженің барлық мәтіні бойынша "білім беруді басқарудың жергілікті атқарушы органдары (облыстық білім департаменттері/басқармалары, қалалық/аудандық білім бөлімдері)", "облыстық білім департаменті/басқармасы", облыстық (қалалық) білім департаменті/басқармасы", "облыстық, қалалық/аудандық білім департаменті (басқармасы/бөлімі)", "облыстық (қалалық) білім департаменті/басқармасы", "қалалық (аудандық) білім басқармасы/бөлім", "білім беруді басқарудың жергілікті атқарушы органдары (облыстық білім департаменті/басқармасы, қалалық аудандық білім беру бөлімі)", "облыстық/қалалық білім департаменті/басқармасы" деген сөздер "аттестаттаушы органмен", "аттестаттаушы органға" деген сөздермен ауыстырылсын;