Шанхай ынтымақтастық ұйымының артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы
Конвенция
(Ташкент қ., 17 маусым 2004 ж)
2005 ж. 15 желтоқсандағы № 102-III ҚР Заңымен ратификацияланды
2007 жылғы 4 қазанда күшіне енді
Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүше мемлекеттерi (бұдан әрi Тараптар деп аталады),
халықаралық құқықтың жалпы көпшiлiк таныған принциптерi мен нормаларын басшылыққа ала отырып,
Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2002 жылғы 7 маусымдағы Хартиясының 19-бабының қағидаларын негiзге ала отырып,
төмендегілер туралы келiстi:
1-бап
Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн төменде көрсетiлген анықтамалар мыналарды бiлдiредi:
1) «Хартия» - Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2002 жылғы 7 маусымдағы Хартиясы;
2) «ШЫҰ» немесе «Ұйым» - Шанхай ынтымақтастық ұйымы;
3) «мүше мемлекет» - ШЫҰ-ның мүше мемлекетi;
4) «өкiлдiк орналасқан мемлекет» - аумағында тұрақты жұмыс iстейтiн ШЫҰ органының штаб-пәтерi немесе оның бөлiмшесi орналасқан мүше мемлекет;
5) «ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс iстейтін органдары» - ШЫҰ-ның Хатшылығы мен ШЫҰ-ның ААТҚ;
6) «Хатшылық» - ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс iстейтiн әкiмшілiк органы болып табылатын ШЫҰ Хатшылығы;
7) «ААТҚ» - ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс iстейтiн органы болып табылатын ШЫҰ-ның Аймақтық антитеррорлық құрылымы;
8) «ААТҚ кеңесі» - ААТҚ органы;
9) «Атқарушы комитет» - ААТҚ органы;
10) «Атқарушы хатшы» - ШЫҰ-ның Атқарушы хатшысы;
11) «Директор» - ААТҚ-ның Атқару комитетiнің директоры;
12) «лауазымды тұлғалар» - ШЫҰ-ның тұрақты жұмыс істейтін органдарына жұмыс iстеу үшін Тараптар жіберетiн және тиiсті штаттық қызметке тағайындалған тұлғалар;
13) «тұрақты өкіл» - мүше мемлекеттің ШЫҰ Хатшылығы жанындағы тұрақты өкілі;
14) «мүше мемлекеттердiң өкiлдері» - Ұйымның шеңберінде өткiзiлетін мәжілістерге және іс-шараларға мүше мемлекеттер жiберетiн делегациялар басшылары, олардың орынбасарлары, делегаттар, кеңесшiлер, техникалық сарапшылар және делегациялардың хатшылары;